2023 жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері туралы ақпарат

2023 жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері туралы ақпарат

 

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бақылау іс-шаралары жүргізілмейді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне есептік кезеңде басқармамен көрсетілетін жаңа қызмет түрлері енгізілген жоқ.

Есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары бекітілмеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес, басқармамен                     3 қызмет түрі, «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту», «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметтері көрсетіледі.

Басқарма 2023 жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» қызметтері бойынша жеке және заңды тұлғаларға барлығы 3 220 мемлекеттік қызмет көрсетті.

 «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» қызметі бойынша бүгінгі күнге дейін өтініш келіп түспеді.

«Қандас мәртебесін  беру  немесе  ұзарту»   мемлекеттік   қызметі бойынша – 2 345 (Мемлекеттік корпорация арқылы 2086, ПЭП арқылы – 2, ЖАО арқылы – 4, шетел мекемесі-253) қызмет көрсетілді. «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту»  мемлекеттік қызметін көрсету нысаны – электронды түрде, (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.07.2013жылғы №329-Ө-М бұйрығы), алайда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.04.2022 ж. №134 және ҚР ЦДИАМ 28.04.2022 ж. №142/нқ бірлескен бұйрығына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру мақсатында, аталған қызмет бойынша 2022 жылдың маусым айынан бастап «электронды үкімет порталы» арқылы «Қандас» ААЖ-сіне түсіп, орындалуда.

«Жұмыс  берушілерге  шетелдік  жұмыс  күшін  тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» қызметі бойынша 875 (жеке тұлғаға көрсетілген қызмет – 67, ал заңды тұлғаға – 808 ) қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде бас тартылған өтініштердің барлығы негізді бас тартулар. «Қандас мәртебесін  беру  немесе  ұзарту»   мемлекеттік   қызметі бойынша бас тартылғандар саны – 284.

   «Жұмыс  берушілерге  шетелдік  жұмыс  күшін  тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызметті көрсету барысында бас тартылғандар саны – 108.

Есепті кезең бойынша мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 1.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағымдар  келіп түспеді. Сәйкесінше, көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың қаралу мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметті алу кезінде қызмет алушылардың құқықтарының бұзылу бойынша мәселелер орын алмады .

         Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша ағымдағы жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша 172 түсіндіру шаралары ұйымдастырылып 307 адам қамтылды. Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімімен облысымыздағы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту жолдары бойынша 116, Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімімен       56 түсіндіру шаралары (барлығы қызмет алушылармен 131 кездесу, басқарманың ресми интернет-ресурсында cлайд, инфографика түріндегі ақпарат – 36, ашық есік күні-2, видеоролик түріндегі ақпарат -1, семинар-1, дөңгелек үстел-1) ұйымдастырылды.

Дата публикации
05 января 2024