Пресс-релиз. Қарар жобасы 2024 жылға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

2024 жылға арналған жұмыс орындарының

квотасын белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 107-бабының
1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы
1-тармағының 17-2) тармақшасына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ұйымдық-құқықтық нысаны және меншік нысанына қарамастан Маңғыстау облысының кәсіпорындарында, ұйымдарында және мекемелерінде жұмыс орындарының квотасы:

мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, осы қаулының
1-қосымшасына сәйкес;

пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес;

ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін,  осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

  1. Осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» Ш Ж Қ Р М К Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізсін.
  2. Осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Маңғыстау облысының әкімі                                                   Н. Ноғаев

Дата публикации
23 ноября 2023