Жұмыс берушілер назарына!

Жұмыс берушілер назарына!

 

Алдағы 2024 жылға ҚР-на

шетелдік жұмыс күшін тартуға

арналған квотаны қалыптасттыру туралы 

Маңғыстау облысының жұмыспен қатуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 274 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларының 6 тармағына сәйкес 2024 жылға  арналған квотаға шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігі туралы  жұмыс берушілерден өтініштерді  қабылдауды бастайды.

Өтініштер 2023 жылдың 1 тамызынан бастап 1 қазанға дейін мемлекеттік және орыс тілдерінде тек электрондық түрде қабылданады.

Қажетті құжаттар тізімі:

1) Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлесту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының атына жазылған ілеспе хат (хатта кері байланыс үшін орындаушының байланыс деректерін көрсету қажет (ұялы телефон, электрондық пошта мекен-жайы);

2) №1 қосымшаға бойынша кестеге сәйкес ақпарат мемлекеттік және орыс тілінде.

Кесте толтырған кезде тартылатын шетелдік жұмыс күші бойынша толық негіздеме ұсыну қажет, сондай-ақ 2024 жылы жоспарланған жобалар, көрсетілетін қызметтер бойынша келісім-шарт, келісімдерді көрсету қажет.

Құжаттар  толық көлемде немесе бекітілген нысанға сәйкес келмеген жағдайда тапсырылған құжаттар кері қайтарылады.

Өтініш берудің соңғы мерзімі: 2022 жылғы 30 қыркүйек, сағат 17:00-ге дейін.

Өтінімдерді тіркеу үшін zh.synabaeva@mangystau.gov.kz электронды поштаcы арқылы Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жіберу керек (электронды ворд нұсқасын қоса жолдауыңыз қажет).

Байланыс телефоны: 8 (7292) 60 52 53.

 

прил. №1, каз.
Дата публикации
02 августа 2023