Жұмыспен қамтуды үйлестіру, еңбек нарығын талдау және мониторинг бөлімінің 2023 жылғы 6 айдағы жұмысы туралы есебі

Жұмыспен қамтуды үйлестіру, еңбек нарығын талдау және мониторинг бөлімінің 2023 жылғы 6 айдағы жұмысы туралы есебі

Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 16 458 адам қамтылды. 9 882 адам жұмысқа орналастырылды, оның 3 194 тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 6 688 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 536, жастар практикасына – 416, қоғамдық жұмыстарға – 5 279, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына – 65, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына – 1 адам, «Күміс жас» жобасына– 391 адам.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша Онлайн оқытумен 969 жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 795 оқытуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 5 471 адам қамтылды, оның ішінде 4 057 адам сертификат алды.

Бұдан басқа, 2023 жылы ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 252 грант беру көзделген. Жыл басынан бері 136 грант берілді.

 

Дата публикации
13 июля 2023