Мүгедектерді техникалық компенсатор құралдарымен және арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге

Мүгедектерді техникалық компенсатор құралдарымен және арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге
 
2023 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша 8 718 мүгедектігі бар адам Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдары және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етілді. Бұл барлық келіп түскен өтініштің (13 510  өтініш) 64,6%-ын құрайды (2023 жылға жоспар – 90%).
Атап айтқанда:

1) протездік-ортопедиялық құралдармен 837 (немесе 47,1%);

2) сурдотехникалық құралдармен 252 (немесе 74,6%);

3) тифлотехникалық құралдармен 1051 (немесе 85,5%);

4) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен 300 (немесе 67,5%);

5) міндетті гигиеналық құралдарымен 3321 (немесе 88,4%);

6) санаторий-курорттық емделу қызметімен 1099 (немесе 27,0%);

7) жеке көмекшінің қызметімен 1 684 (немесе 99,0%);

8) ымдау тілі маманының қызметімен 174 (немесе 98,1%) мүгедектігі бар адам қамтамасыз етілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті түрде жалғасады.

 

 

Мүгедектерді техникалық компенсатор құралдарымен және арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге
Дата публикации
10 июля 2023