2023 жылғы І тоқсан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері туралы ақпарат

2023 жылғы І тоқсан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері туралы ақпарат

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бақылау іс-шаралары жүргізілмейді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне есептік кезеңде басқармамен көрсетілетін жаңа қызмет түрлері енгізілген жоқ.

Есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары бекітілмеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес, басқармамен                     3 қызмет түрі, «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту», «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметтері көрсетіледі.

Басқарма 2023 жылғы І тоқсаны бойынша «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» қызметтері бойынша жеке және заңды тұлғаларға барлығы 974 мемлекеттік қызмет көрсетті.

 «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» қызметі бойынша бүгінгі күнге дейін өтініш келіп түспеді.

«Қандас мәртебесін  беру  немесе  ұзарту»   мемлекеттік   қызметі бойынша – 728 (Мемлекеттік корпорация арқылы 726, ПЭП арқылы – 1, ЖАО арқылы - 1) қызмет көрсетілді. «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту»  мемлекеттік қызметін көрсету нысаны – электронды түрде, (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.07.2013жылғы №329-Ө-М бұйрығы), алайда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.04.2022 ж. №134 және ҚР ЦДИАМ 28.04.2022 ж. №142/нқ бірлескен бұйрығына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру мақсатында, аталған қызмет бойынша 2022 жылдың маусым айынан бастап «электронды үкімет порталы» арқылы «Қандас» ААЖ-сіне түсіп, орындалуда.

«Жұмыс  берушілерге  шетелдік  жұмыс  күшін  тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» қызметі бойынша 246 (жеке тұлғаға көрсетілген қызмет – 13, ал заңды тұлғаға – 233 ) қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде бас тартылған өтініштердің барлығы негізді бас тартулар. «Қандас мәртебесін  беру  немесе  ұзарту»   мемлекеттік   қызметі бойынша –  бас тартылғандар саны – 21, Оның ішінде: 1.Қазақстан Республикасының  «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңының 1-бабы 13 тармақшасына сәйкес, қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері деп көрсетілген. Аталған Заңға сәйкес, 4 адамның құжаттары орындаудан бас тартылды. Өтінішке қосылған балалары Қазақстан Республикасының азаматы, отбасы мүшелерінің ұлты басқа, Қазақстан Республикасында туылған, тұрған.

  1. Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңының 25-бабы 3-тармақшасына сәйкес, қандас мәртебесі қандас мәртебесін алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін тоқтатылады. Аталған Заңға сәйкес, 3 адамның құжаттары орындаудан бас тартылды. Себебі олар бұрын бір рет қандас мәртебесін алған, екінші рет өтініш бергендер және паспортының мерзімі өтіп кеткендер.
  2. Ұсынылған құжаттардың дәйексіздігі фактісі анықталғандықтан 14 адамның құжаттарын орындаудан бас тартады. Өтініштері дұрыс толтырылмаған, құжаттары толық сканерленбеген, ұсынған құжаттары толық емес.

   «Жұмыс  берушілерге  шетелдік  жұмыс  күшін  тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызметті көрсету барысында бас тартылғандар саны - 18 (жеке тұлға – 0, ал заңды тұлға – 18) Оның ішінде: Құжаттар толық көлемде ұсынылмаған және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған себепті - 3, шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіби даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесінің (еңбек өтілі) біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі бойынша – 15)

Есепті кезең бойынша мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 0.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағымдар  келіп түспеді. Сәйкесінше, көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың қаралу мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметті алу кезінде қызмет алушылардың құқықтарының бұзылу бойынша мәселелер орын алмады .

         Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша ағымдағы жылдың І тоқсанында 25 түсіндіру шаралары ұйымдастырылып 57 адам қамтылды. Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімімен облысымыздағы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту жолдары бойынша 20, Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімімен 5 түсіндіру шаралары (барлығы қызмет алушылармен 23 кездесу, басқарманың ресми интернет-ресурсында cлайд, инфографика түріндегі ақпарат – 2) ұйымдастырылды.

Дата публикации
04 апреля 2023