Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2022 жылғы жұмысы туралы есеп
2022 жылдың ІІІ тоқсандағы ресми статистикалық мәліметтеріне сәйкес облыстағы жұмыссыздықтың деңгейі - 5,3 %. Экономиканың әр түрлі салаларында 355 319 адам жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздардың саны 18 732 адамды құрады.
Жұмыспен қамту орталықтарында 8 710 адам жұмыссыз ретінде тіркелген.
2022 жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту үшін республикалық бюджеттен 861,2 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 2,8 млрд. теңге, Ұлттық қордан 4,2 млрд. теңге қарастырылды.
Өткен жылы облыстың жұмыспен қамту орталықтарына 43 502 адам хабарласып, 27 341 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Бағдарлама аясында 990 адам 400 АЕК көлемде қайтарымсыз грант алып, 821 адам онлайн курстарға, 283 адам кәсіптік оқытудан өтті. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 4 724 адам жолданды. Тұрақты жұмыс орындарына 11 931 адам, субсидияланатын жұмыс орындарына 8 592 адам жұмысқа орналастырылды.
Анықтама үшін: әлеуметтік жұмыс орындарына 580 адам, жастар тәжірибесіне 1 144 адам, қоғамдық жұмыстарға 6 580 адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 172 адам, «Күміс жас» жобасы 97 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы 19 адам жолданды.
2022 жылы облыста 21 548 жұмыс орны құрылды (жоспар - 20 560 жұмыс орны). Оның ішінде 12 622 тұрақты жұмыс орындары немесе 58,6 % (жоспар – 11 580 жұмыс орны).
Мемлекет Басшысының әрбір 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын ашу жөніндегі тапсырмасы аясында жаңа құрылған жеке кәсіпкерлік субъектілерінде 14 957 жаңа жұмыс орны құрылды немесе жоспар 3 есеге орындалды (жоспар – 4 059 жаңа жұмыс орны).
Қазіргі уақытта «Жұмыс жасаймын» өңірлік жоба аясында 754 адам жұмысын жалғастыруда (Жаңаөзен қаласы – 651 адам, Қарақия ауданы – 151 адам, Бейнеу ауданы – 25 адам). Қызметкерлердің орташа жалақысы 175 мың теңгені құрайды.
Өткен жылы өңірдегі ірі мұнай өндіруші кәсіпорындарға және олардың мердігер ұйымдарына жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыру бойынша 1 896 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланды. Бүгінгі күні 1 576 адам жұмысқа орналасты.
Анықтама үшін: «Өзенмұнайгаз» АҚ-ға және оған қызмет көрсететін мердігер ұйымдарға 1 442 адамды жұмысқа алу жоспарланып, бүгінде 1 128 адам жұмысқа орналасты («Өзенмұнайгаз» АҚ – 797 адам, мердігер ұйымдарға - 331 адам).
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ға және оған сервистік қызмет көрсетуші, мердігер ұйымдарына 418 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланды. Қазіргі таңда 418 адам жұмысқа орналасты (Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – 233 адам, сервистік ұйымдарға – 71 адам, мердігер ұйымдарға – 114 адам).
«Қаражанбасмұнай» АҚ мердігер ұйымдарына жыл соңына дейін 36 адамды жұмысқа орналстыру жоспарланып, бүгінде 30 адам жұмысқа алынды.
Соныменн қатар, өңірдің жұмыссыз азаматтарын Ресей Федерациясының «Татнефть» компаниясына жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, барлығы 59 адам жұмысқа жолданды.
2023 жылы облыс бойынша Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында 10 мыңға жуық тұрғынды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланып отыр. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 5,5 млрд. теңге, жергілікті бюджет есебінен 3,9 млрд. теңге қаралды.
Анықтама үшін: кәсіптік оқыту – 217, гранттар – 252, жастар тәжірибесі – 1 644, әлеуметтік жұмыс орындары – 599, қоғамдық жұмыстар – 4 631, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы – 268, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы – 16, «Күміс жас» жобасы – 474, мүгедектерге арналған әлеуметтік жұмыс орындары – 7, кәсіби біліктіліктерді тануға бір жолғы ваучер – 48, онлайн курстар – 924, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне – 750.
Ұлттық жобалар шеңберінде үстіміздегі жылы 133 жоба аясында 9 645 жұмыс орны (тұрақты – 2 262, уақытша – 7 383) құру жоспарланып, өңірлік жұмыспен қамту картасы өзектендірілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен ағымдағы жылдан бастап жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесуге 5 жылға дейінгі мерзімде 2,5 %-бен 5 млн. теңгеге дейін несие беру көзделген.
Нәтижесінде 2023 жылы 163 жастың (қаржыландыру көлемі 815,0 млн.теңге) кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіледі.
Анықтама үшін: Ақтау қаласы – 25 адам, Жаңаөзен қаласы – 23 адам, Бейнеу ауданы – 23 адам, Қарақия ауданы – 23 адам, Маңғыстау ауданы – 23 адам, Мұнайлы ауданы – 23 адам, Түпқараған ауданы – 23 адам.
Өңірлік «Жұмыс жасаймын» жобасы шеңберінде 825 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр (Жаңаөзен қаласы – 695 адам, Қарақия ауданы – 105 адам, Бейнеу ауданы – 25 адам). Аталған бағытта жергілікті бюджеттен 1 315,2 млн. теңге қаражат бөлінді.
2022 жылға облыс бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге республикалық бюджеттен 1 549,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 387,5 млн. теңге, кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 248,7 млн. теңге бөлінді.
Өткен жылы облыста атаулы әлеуметтік көмек алушы 3 925 отбасыға (21 020 адам) 1 923,1 млн. теңге төленді.
Анықтама үшін: атаулы әлеуметтік көмек алатын 3 871 отбасының ішінде 1 932 отбасы (8 895 бала) көп балалылар санатында.
Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардағы 5 690 балаға (1-6 жас аралығындағы балалар) азық-түлік және гигиеналық топтамасы берілді.
Жергілікті мәслихаттар шешімімен мұқтаж тұрғындарға ауқымды әлеуметтік көмектер берілді.
Мерекелік күндерге және атаулы күндерге 2 908,6 млн. теңге көлемінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 74 773 азаматқа біржолғы материалдық көмек төленді (оның ішінде 29 879 мүгедек және мүгедек балалар).
Әлеуметтік жағдайы төмен және халықтың осал топтары үшін өмірлік қиын жағдай туындаған 3 328 адамға 176,8 млн. теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді.
Мүгедек балаларға үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін 564 мүгедек балаға 80,6 млн.теңге әлеуметтік көмек төленді.
2022 жылы облыс бойынша 841 аз қамтылған отбасы 2 721 адамға (Ақтау қаласы – 373 отбасы 1 050 адам, Жаңаөзен қаласы – 317 отбасы 1 152 адам) 40,5 млн. теңгеге көлемінде коммуналдық шығындары үшін тұрғын үй көмегі берілді.
2022 жылы облыс бойынша 351 отбасы қайырымдылық есебінен азық-түлік, киім, тұрмыстық құралдар және өзге де көмектер көрсетілді.
Анықтама үшін:
Ақтау қаласы – 249 аз қамтылған отбасы, Жаңаөзен қаласы – - мүмкіндігі шектеулі бала, Бейнеу ауданы – 2 мүжілсіз отбасы, Қарақия ауданы – 58 жалғызілікті қарт адам, Мұнайлы ауданы – 33 аз қамтылған отбасы.
2023 жылы табысы төмен азаматтарға мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында республикалық бюджеттен 1 543,6 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 385,9 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді.
Жалпы ағымдағы жылы 4 076 отбасы 22 026 адамға мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек көрсету жоспарланып отыр.
Әлеуметтік Кодекстің жаңа бастамалары шеңберінде атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыдағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша төлем белгілеу арқылы монетизациялау жүзеге асырылады.
Нәтижесінде облыс бойынша 6 475 балаға қосымша төлем белгіленді.
Ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен 600 жуық баланың үйден оқу шығындарын өтеу көзделуде.
Сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайға тап болған тұрғындарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті бюджет есебінен 197 млн. теңге қаржы қарастырылды.
Бүгінде басқармамен аутизмі бар және ерте, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүгедектігі бар басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 50 орындық облыстағы алғашқы орталықты құру (коммуналдық мемлекеттік мекеме) жұмыстары жүргізілуде.
Орталық қызметінің мақсаты облыстағы бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту, оларға қызмет көрсету бағытында 6 жоба аясында 6 277 адамға қызмет көрсету көзделуде.
Анықтама үшін: 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқушылығы бойынша мүгедектігі бар балаларға жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша – 135 мүгедек бала, «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы – 6000 адам, қарт адамдарға арналған белсенді ұзақ өмір сүру орталығы – 50 адам, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету – 15 адам, адам садасы құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету – 12 адам.
Сонымен қатар, қарт, мүгедектігі бар 1 500 адамға үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жоспарланды.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, оның ішінде жүріп-тұруы қиын, жеке көмекші қызметін қажет ететін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттік және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы облыс бойынша барлығы 13 инватакси қызмет етуде.
Анықтама үшін: Мемлекеттік мекемелер арқылы 6 аудан/қалада 10 инватакси (оның ішінде 9 инватакси арнайы құралдармен жабдықталған). Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1 арнайы және 2 жеңіл автокөлік қызмет көрсетуде.
Осы жылы оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 1 750 мүгедек адамға жеке көмекші қызметі, 170 мүгедекке ымдау тілі маманының қызметі көрсету жоспарланды.
Ағымдағы жылы мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдары және оңалту қызметтерімен қамтамасыз мақсатына 3,8 млрд. теңге қаражат бөлініп, жалпы 17 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жанды қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Анықтама үшін: протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, міндетті гигиеналық құралдарымен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, санаторий-курорттық емделу, жеке көмекші және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамту жоспарланып отыр.
1992 жылдан осы уақытқа дейін Маңғыстау облысына тұрақты тұруға алыс және жақын шетелдерден барлығы 36 мың отбасы немесе 140 263 адам көшіп келді.
Қандастардың басым көпшілігі Өзбекстан Республикасы (55,4%), Түркменстан Республикасы (37,5%), Иран Ислам Республикасы (3,9%) және Ресей Федерациясынан (2,9%) көшіп келген этникалық қазақтар.
2021 жылы 551 отбасы 3 509 этникалық қазаққа қандас мәртебесі берілді.
Жыл басынан бері облысқа 513 отбасы 3 379 адам қандас мәртебесін алды.
Анықтама үшін: Ақтау қаласына 95 отбасы 740 адам, Жаңаөзен қаласына 45 отбасы 291 адам, Мұнайлы ауданына 286 отбасы 1 879 адам, Бейнеу ауданына 72 отбасы 361 адам, Қарақия ауданына 5 отбасы 44 адам, Маңғыстау ауданына 5 адам, Түпқараған ауданына 10 отбасы 59 адам.
2016 жылдан бері солтүстік өңірге 185 отбасы 668 адам қоныс аударса, оның ішінде 2022 жылы 43 отбасы құрамында 195 адам Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Палодар облыстарына қоныс аударды.
2022 жылдың 17 шілдесінен бастап Түкіменстаннан келген этникалық қазақтарды визада белгіленген жұмыс күші тапшы солтүстік өңірлерге оңтайлы орналастыру бойынша қажетті жұмыстар жүргізіліп, бүгінде аталған өңірлерге 336 қандас барды (Павлодар облысы – 222 адам, Ақмола облысы – 60 адам, ШҚО – 33 адам, СҚО – 20 адам, Абай облысы – 1 адам).
Анықтама үшін: оның ішінде 20 отбасы 95 адам қандастарды қабылдау квотасы аясында мемлекеттік қолдау шараларын алды. Павлодар облысы – 17 отбасы 82 адам, ШҚО – 1 отбасы 6 адам, СҚО – 1 отбасы 6 адам, Абай облысы – 1 адам.
Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа байланысты босқын мәртебесін алуға өтініш берген 54 шетел азаматына (50 адам – Украина азаматы, 2 адам – Грузия азаматы, 1 адам – Ресей азаматы, 1 адам – Сирия азаматы ) пана іздеуші мәртебесі берілді.
Анықтама үшін: бүгінде 14 Украина азаматының пана іздеуші куәлігінің қолданысы тоқтатылды және 3 Украина азаматының пана іздеуші куәлігінің мерзімі аяқталды.
Бүгінде 37 шетел азаматы (33 адам – Украина азаматы, 2 адам – Грузия азаматы, 1 адам – Ресей азаматы, 1 адам – Сирия азаматы) пана іздеуші болып облыс аумағында жүр.
2023 жылға Маңғыстау облысына Республикалық қандастарды қабылдаудың 2021-2025 жылдарға аралығындағы ұлғайтылған индикаторына сәйкес 1 861 адам қабылдау белгіленген.