Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі бойынша қызмет алушыларға басқарма қызметкерлерімен 2022 жыл бойы жүргізілген түсіндіру жұмыстары туралы
Басқармада екі бөліммен – 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін түсіндіру жөніндегі арнайы жоспарға сәйкес 2022 жылдың 12 айында түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды.
Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімімен облысымыздағы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту жолдары бойынша 78, көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімімен 48 түсіндіру шарасы өткізілді.
Атап айтқанда, ағымдағы жылғы 10 қаңтарда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің «ANTIKOR» орталығында Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Д.Жеткізген «Электрондық көрсетілетін қызметке көшудің оң динамикасы» және Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімнің басшысы Н.Баймуналова «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметінің электрондық қызметке көшуі» тақырыптарында тікелей эфирге қатысты.
Ағымдағы жылғы 13 сәуірде «Маңғыстау» телеарнасындағы «Buqara men Bilik» бағдарламасында «Қандастың халі қалай?» тақырыбында «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәсілі бойынша Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімнің басшысы Н.Баймуналова ақпарат берді.
Маусым айының 29 күні басқарманың Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Д.Жеткізген «ANTIKOR» орталығында «Адал көмек» тақырыбында тікелей эфирге қатысты. Бөліммен көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі бойынша, сондай-ақ маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тарту бойынша ақпараттар берілді.
Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегі және 27 желтоқсанында шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөліммен көрсетілетін «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту», «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметтерін алу тәртібі және шетелдік жұмыс күшін тарту кезіндегі басқа да мәселелер бойынша «Ашық есік күні» өткізіліп, барлығы 35 адамға кеңес берілді.
Жыл басынан бері басқарманың ресми сайтына (интернет-ресурс), әлеуметтік желілердегі парақшаларына тұрақты түрде ақпараттар, хабарламалар, ескетпелер, инфографика түріндегі материалдар (11) жарияланды.
Жалпы осы жылдың 12 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіру бойынша шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілермен 64 кездесу өткізіліп, 137 адам және көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімімен 43 кездесу өткізіліп, 87 адам қамтылды.