Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша
2022 жылғы 12 айдың қорытындысы
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері туралы ақпарат
Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бақылау іс-шаралары жүргізілмейді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне есептік кезеңде басқармамен көрсетілетін жаңа қызмет түрлері енгізілген жоқ.
Есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары бекітілмеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес, басқармамен 3 қызмет түрі, «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту», «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметтері көрсетіледі.
Басқарма 2022 жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» қызметтері бойынша жеке және заңды тұлғаларға барлығы 4 738 мемлекеттік қызмет көрсетті.
«Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» қызметі бойынша бүгінгі күнге дейін өтініш келіп түспеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде бас тартылған өтініштердің барлығы негізді бас тартулар. «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша – бас тартылғандар саны – 104, Оның ішінде: 1.Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңының 1-бабы 13 тармақшасына сәйкес, қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері деп көрсетілген. Аталған Заңға сәйкес, 41 адамның құжаттары орындаудан бас тартылды. Өтінішке қосылған балалары Қазақстан Республикасының азаматы, отбасы мүшелерінің ұлты басқа, Қазақстан Республикасында туылған, тұрған.
«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызметті көрсету барысында бас тартылғандар саны - 99 (жеке тұлға – 14, ал заңды тұлға – 85) Оның ішінде: Құжаттар толық көлемде ұсынылмаған және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған себепті - 40, Шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіби даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесінің (еңбек өтілі) біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, жұмыс беруші Қағидалардың 16-тармағына сәйкес кадрлардағы жергілікті қамтуды сақтамаған жағдайда – 58), Қағиданың 22 тармағына сәйкес, бас тартылғандар саны – 1 (ұзарту мерзімінің өтуіне байланысты).
Есепті кезең бойынша мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 1.
«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша "Статус НБ"ЖШС 05.05.2022 ж. қайта рәсімдеу үшін «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесіне келіп түскен KZ67RDJ00028568 өтініші бойынша қызмет 1 күн кешіктіріліп көрсетілді. Осыған сәйкес, уақытылы қызмет нәтижесін жолдамағаны үшін Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімінің «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесімен жұмыс жөніндегі бас маманы Г.Сұлтангелдиеваға «Тәртіптік жаза қолдану туралы» басқарманың 19.07.2022 ж. №03-11/43 бұйрығымен «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағымдар келіп түспеді. Сәйкесінше, көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың қаралу мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметті алу кезінде қызмет алушылардың құқықтарының бұзылу бойынша мәселелер орын алмады .
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша ағымдағы жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша 126 түсіндіру шаралары ұйымдастырылып 283 адам қамтылды. Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімімен облысымыздағы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту жолдары бойынша 78, Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімімен 48 түсіндіру шаралары (қызмет алушылармен 110 кездесу, телеарнада сұқбат-1, әлеуметтік желіде тікелей эфир - 2, интернет-ресурсқа ақпарат – 7, басқарманың ресми интернет-ресурсында бейнеролик- 1, сайтқа қызмет алу тәртібі жөніндегі ақпарат - 3, ашық есік күні – 2 (35 адам) ұйымдастырылды.
2022 жылдың қорытындысы бойынша басқарманың шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімнің бас мамандары Г.Султангелдиева, Ж. Сынабаева және көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімнің бас маманы А.Құттыбаева ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалына біліктілігін арттыру курстарынан өтті.