Мүгедектігі бар мұқтаж адамдарды оңалтудың техникалық құралдары және қызметтерімен қамтамасыз ету туралы 2022 жылдың 12 айы бойынша

Мүгедектігі бар мұқтаж адамдарды оңалтудың техникалық құралдары және қызметтерімен қамтамасыз ету туралы 2022 жылдың 12 айы бойынша

 

 

2022 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 17 370 мүгедектігі бар адам Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдары және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етілді. Бұл барлық келіп түскен өтініштің (18 588  өтініш) 93,4%-ын құрайды (2022 жылға жоспар – 85%). Атап айтқанда:

1) протездік-ортопедиялық құралдармен 2606 (немесе 88,2%);

2) сурдотехникалық құралдармен 669 (немесе 92,3%);

3) тифлотехникалық құралдармен 1601 (немесе 97,4%);

4) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен 615 (немесе 92,8%);

5) міндетті гигиеналық құралдарымен 6048 (немесе 97,1%);

6) санаторий-курорттық емделу қызметімен 3924 (немесе 88,6%);

7) жеке көмекшінің қызметімен 1 739 (немесе 98,0%);

8) ымдау тілі маманының қызметімен 168 (немесе 97,7%) мүгедектігі бар адам қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда мүгедектігі бар адамдармен Әлеуметтік қызметтер порталында тапсырыстар беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті түрде жалғасады.

 

 

 

 

Дата публикации
05 января 2023