Мүгедектігі бар мұқтаж адамдарды оңалтудың техникалық құралдары және қызметтерімен қамтамасыз ету туралы 2022 жылдың 9 айы бойынша

Мүгедектігі бар мұқтаж адамдарды оңалтудың техникалық құралдары және қызметтерімен қамтамасыз ету туралы

2022 жылдың 9 айы бойынша

 

 

      2022 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша 13 110 мүгедектігі бар адам Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдары және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етілді. Бұл барлық келіп түскен өтініштің (16 145 өтініш) 81,2%-ын құрайды (2022 жылға жоспар – 85%). Атап айтқанда:

     1) протездік-ортопедиялық құралдармен 1810 (немесе 65,6%);

     2) сурдотехникалық құралдармен 506 (немесе 82,8%);

     3) тифлотехникалық құралдармен 1239 (немесе 86,2%);

     4) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен 420 (немесе 75,8%);

     5) міндетті гигиеналық құралдарымен 4415 (немесе 89,6%);

     6) санаторий-курорттық емделу қызметімен 3060 (немесе 73,7%);

    7) жеке көмекшінің қызметімен 1 484 (немесе 97,7%);

    8) ымдау тілі маманының қызметімен 156 (немесе 94,5%) мүгедектігі бар адам қамтамасыз етілді.

      Қазіргі таңда мүгедектігі бар адамдармен Әлеуметтік қызметтер порталында тапсырыстар беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті түрде жалғасады.

 

 

 

Мүгедектігі бар мұқтаж адамдарды оңалтудың техникалық құралдары және қызметтерімен қамтамасыз ету туралы 2022 жылдың 9 айы бойынша
Дата публикации
05 октября 2022