Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2022 жылғы 9 айдың қорытындысы

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері туралы ақпарат

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес, басқармамен                     3 қызмет түрі, «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту», «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметтері көрсетіледі.

Басқарма 2022 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» қызметтері бойынша жеке және заңды тұлғаларға барлығы 3 290 мемлекеттік қызмет көрсетті.

 «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» қызметі бойынша бүгінгі күнге дейін өтініш келіп түспеді.

  • «Қандас мәртебесін беру  немесе  ұзарту»   мемлекеттік   қызметі бойынша – 2 605 (Мемлекеттік корпорация арқылы 2592, басқарма арқылы-12, ПЭП арқылы-1) қызмет көрсетілді.  «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту»  мемлекеттік қызметін көрсету нысаны – электронды түрде, (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.07.2013жылғы №329-Ө-М бұйрығы), алайда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.04.2022 ж. №134 және ҚР ЦДИАМ 28.04.2022 ж. №142/нқ бірлескен бұйрығына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру мақсатында, аталған қызмет бойынша 2022 жылдың маусым айынан бастап «электронды үкімет порталы» арқылы «Қандас» ААЖ-сіне түсіп, орындалуда.
  • «Жұмыс берушілерге  шетелдік  жұмыс  күшін  тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» қызметі бойынша 685 (жеке тұлғаға көрсетілген қызмет – 86, ал заңды тұлғаға – 599) қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде бас тартылған өтініштердің барлығы негізді бас тартулар. «Қандас мәртебесін  беру  немесе  ұзарту»   мемлекеттік   қызметі бойынша –  бас тартылғандар саны – 55.

 «Жұмыс  берушілерге  шетелдік  жұмыс  күшін  тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызметті көрсету барысында бас тартылғандар саны – 74.

Есепті кезең бойынша мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 1.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағымдар  келіп түспеді. Сәйкесінше, көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың қаралу мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметті алу кезінде қызмет алушылардың құқықтарының бұзылу бойынша мәселелер орын алмады .

         Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша ағымдағы жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша 101 түсіндіру шаралары ұйымдастырылып 212 адам қамтылды. Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімімен облысымыздағы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту жолдары бойынша 56, Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімімен 45 түсіндіру шаралары ұйымдастырылды.

         2022 жылғы қыркүйек – қазан айларында Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімнің бас мамандары Г.Султангелдиева, Ж. Сынабаева және Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімнің бас маманы А.Құттыбаева ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалына біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Отчет по государственным услугам, оказываемым управлением за 9 месяцев 2022 года
Дата публикации
13 октября 2022