Басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2022 жылғы І жартылдықтың есебі

Басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2022 жылғы І жартылдықтың  есебі

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері туралы ақпарат

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес, басқармамен 3 қызмет түрі, «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту», «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметтері көрсетіледі.

Басқарма 2022 жылдың І жартыжылдығы бойынша «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» қызметтері бойынша жеке және заңды тұлғаларға барлығы 1 973 мемлекеттік қызмет көрсетті.

 «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» қызметі бойынша бүгінгі күнге дейін өтініш келіп түспеді.

  • «Қандас мәртебесін беру  немесе  ұзарту»   мемлекеттік   қызметі бойынша – 1550 (Мемлекеттік корпорация арқылы 1546, басқарма арқылы 4) қызмет көрсетілді.
  • «Жұмыс берушілерге  шетелдік  жұмыс  күшін  тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» қызметі бойынша 423 (жеке тұлғаға көрсетілген қызмет – 72, ал заңды тұлғаға – 351) қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде бас тартылған өтініштердің барлығы негізді бас тартулар. «Қандас мәртебесін  беру  немесе  ұзарту»   мемлекеттік   қызметі бойынша –  бас тартылғандар саны – 28.

 «Жұмыс  берушілерге  шетелдік  жұмыс  күшін  тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызметті көрсету барысында бас тартылғандар саны – 42.

Есепті кезең бойынша мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 1.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағымдар  келіп түспеді. Сәйкесінше, көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың қаралу мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметті алу кезінде қызмет алушылардың құқықтарының бұзылу бойынша мәселелер орын алмады .

         Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша ағымдағы жылдың І жартыжылдығы қорытындысы бойынша 70 түсіндіру шаралары ұйымдастырылып 121 адам қамтылды. Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімімен облысымыздағы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту жолдары бойынша 33, Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімімен 37 түсіндіру шаралары (қызмет алушылармен 63 кездесу, телеарнада сұқбат-1, әлеуметтік желіде тікелей эфир -2, интернет-ресурсқа ақпарат - 4) ұйымдастырылды.

         

Дата публикации
15 августа 2022