Мүгедектігі бар мұқтаж адамдарды оңалтудың техникалық құралдары және қызметтерімен қамтамасыз ету туралы 2022 жылдың 5 айы бойынша

Бүгінгі күні (13.06.2022 жылғы жағдай бойынша) Маңғыстау облысында 29 987 мүгедектігі бар адам тіркелген. Оның ішінде І топ – 2 589, ІІ топ – 11 937, ІІІ топ – 8 659, мүгедек балалар саны – 6 802 (оның ішінде І топ – 577, ІІ топ – 1 128, ІІІ топ – 2 664). Анықтама үшін: 7-18 жас аралығындағы балаларға мүгедектік топтары беріледі.

Мүгедектігі бар адамдар жеке оңалту бағдарламасының негізінде мемлекет тарапынан оңалтудың техникалық құралдары және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 7 147 мүгедектігі бар адам Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдары және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етілді. Бұл барлық келіп түскен өтініштің (13 261 өтініш) 53,9%-ын құрайды (2022 жылға жоспар – 85%). Атап айтқанда:

1) протездік-ортопедиялық құралдармен 586 (немесе 26,6%);

2) сурдотехникалық құралдармен 204 (немесе 53,4%);

3) тифлотехникалық құралдармен 738 (немесе 75,4%);

4) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен 234 (немесе 63,1%);

5) міндетті гигиеналық құралдарымен 2 972 (немесе 85,3%);

6) санаторий-курорттық емделу қызметімен 772 (немесе 18,5%);

7) жеке көмекшінің қызметімен 1 500 (немесе 98,9%);

8) ымдау тілі маманының қызметімен 141 (немесе 93,4%) мүгедектігі бар адам қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда мүгедектігі бар адамдармен Әлеуметтік қызметтер порталында тапсырыстар беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті түрде жалғасады.

Мүгедектігі бар мұқтаж адамдарды оңалтудың техникалық құралдары және қызметтерімен қамтамасыз ету туралы 2022 жылдың 5 айы бойынша
Дата публикации
16 июня 2022