Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидалары
«2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 872 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
2) есепті айдан кейінгі айдың 8-күніне дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептерді беруді қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) 105 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» (бұдан әрі – 105 кіші бағдарлама);
2) 107 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» (бұдан әрі – 107 кіші бағдарлама).
2-тарау. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін
ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі
1) протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдарға, арнаулы жүріп-тұру құралдарына (кресло-арбалар), техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдарды кеңейтуге, ақпаратты Брайль қарпімен енгізу/шығару арқылы сөйлеу синтезі бар портативтік тифлокомпьютерге;
2) мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен, несеп қабылдағыштармен және нәжіс қабылдағыштармен) қамтамасыз ету нормаларын халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларында көзделген мөлшерге дейін ұлғайтуға және Spina bifida диагнозы бар мүгедек балаларға арналған бір рет қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге;
3) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларына сәйкес ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге;
4) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторийлік-курорттық емделудi ұсыну қағидаларына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге пайдаланылады.
1) 256 «Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды кеңейтуге, протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен (кресло-арбалар), санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге облыстық деңгейдегі шығыстарды қаржыландыру үшін:
113 «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер»;
046 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту» жергілікті бюджеттік бағдарламалары бойынша;
2) техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдарды кеңейтуге, протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен (кресло-арбалар), санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде шығыстарды қаржыландыру үшін 045 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 327 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» және 333 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы».
1) мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге, техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдарды кеңейтуге, Spina bifida диагнозы бар мүгедек балаларға арналған бір рет қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге 050 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 451 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» және 801 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері бойынша;
2) мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге және санаторийлік-курорттық емдеуге 017 «Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар, санаторий-курорттық емделу, мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, арнаулы жүрiп-тұру құралдары, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтері мен қамтамасыз ету» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 451 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша;
3) мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге және санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге 017 «Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтерін ұсыну» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 801 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша көздейді.
3-тарау. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртiбi
1) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын сатып алуға;
2) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге пайдаланылады.
шығыстарды облыстық деңгейде қаржыландыру үшін 053 «Кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтіру бойынша қызмет көрсету» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 256 «Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»;
шығыстарды республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде қаржыландыру үшін 327 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» және 333 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы».
_____________________