2021 жылға мүгедектігі бар мұқтаж адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету туралы есеп
2021 жылы мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларын орындау мақсатында мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдары және қызметтерімен қамтамасыз ету Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылды.
2021 жылға мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдары және қызметтерімен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 774 230,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 431 837,0 мың теңге қаражат бөлінді.
Маңғыстау облысы бойынша жеке оңалту бағдарламаcына сәйкес оңалтудың техникалық құралдарын және қызметтерін алуға мұқтаж мүгедектігі бар адамдардан барлығы 18 770 өтініш келіп түсті.
2021 жылы республикалық бюджеттен 763 944,8 мың теңгеге, жергілікті бюджеттен 412 454,7 мың теңгеге 16 212 (немесе 86,4%) мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдары және қызметтерімен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда:
1) протездік-ортопедиялық құралдармен 3 001 (немесе 80,8%);
2) сурдотехникалық құралдармен 862 (немесе 90,8%);
3) тифлотехникалық құралдармен 1 464 (немесе 93,3%);
4) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен 673 (немесе 86,1%);
5) санаторий-курорттық емделу қызметімен 2 490 (немесе 64%);
6) жеке көмекшінің қызметімен 1 736 (немесе 94,5%);
7) ымдау тілі маманының қызметімен 132 (немесе 95%);
8) міндетті гигиеналық құралдарымен 5 854 (немесе 99,4%) мүгедектігі бар адам қамтамасыз етілді.
Осылайша, 2021 жылы оңалтудың жеке бағдарламасының орындалысы 86,4%-ды құрады (жоспар – 80%).
Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан бірқатар әлеуметтік шаралар жүзеге асырылды. Басқарманың ресми интернет-ресурстарына, әлеуметтік желілерге (facebook, instagramm ресми парақшаларына) Әлеуметтік қызметтер порталының артықшылықтары туралы хабарландыру-ақпараттары, инфографикалар кеңінен жарияланды. Сондай-ақ, облыс тұрғындарымен ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.