Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері туралы ақпарат
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес, басқармамен 3 қызмет түрі, «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру ж т әне (немесе) ұзарту», «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметтері көрсетіледі.
Басқарма 2021 жылғы ІV тоқсан бойынша «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» және «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» қызметтері бойынша жеке және заңды тұлғаларға барлығы 1 059 мемлекеттік қызмет көрсетті.
«Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» қызметі бойынша бүгінгі күнге дейін өтініш келіп түспеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде бас тартылған өтініштердің барлығы негізді бас тартулар. «Кандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша бас тартылғандар саны – 15.
«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызметті көрсету барысында бас тартылғандар саны - 21 (заңды тұлға).
Есепті кезең бойынша мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағымдар келіп түспеді. Сәйкесінше, көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың қаралу мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметті алу кезінде қызмет алушылардың құқықтарының бұзылу бойынша мәселелер орын алмады .
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша ағымдағы жылдың VІ тоқсанында 32 түсіндіру шаралары ұйымдастырылды (95 адам).
Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімімен облысымыздағы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту жолдары бойынша 21, Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімімен 11 түсіндіру шаралары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, жұмыс берушілермен 13 кездесу, қызмет алушылармен 7 кездесу, семинар-кеңес – 2, «Ашық есік күні» - 1, Басқарманың ресми интернет-ресурсына ақпарат, мақала, инфографика түріндегі мәліметтер – 5, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен семинар-кеңес – 4.
Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет көрсету мәселесіне жауапты Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Д.Жеткізген осы жылдың қазан айында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалында біліктілігін арттыру курстарынан өтті.