Әлеуметтік оңалту бөлімі туралы ереже
Жалпы ережелер
1. Әлеуметтік оңалту бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының (бұдан әрі - басқарма) құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
2. Бөлiм өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Бөлiмнiң құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен басқарма басшысы бекiтедi.