Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлім туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлім (бұдан әрі – Бөлім) Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасың Конституциясын,Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы бекітеді.