Жұмыспен қамтуды үйлестіру, еңбек нарығын талдау және мониторингілеу бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Жұмыспен қамтуды үйлестіру, еңбек нарығын талдау және мониторингілеу бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлiмнiң құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен басқарма басшысы бекiтедi.