2021 жылғы 9 айда мүгедек азаматтарды оңалтудың техникалық құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету

2021 жылғы 9 айда мүгедек азаматтарды оңалтудың техникалық құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету

2021 жылғы 9 айда мүгедек азаматтарды оңалтудың техникалық құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету

Бүгінгі күні Маңғыстау облысы бойынша 11 383 мүгедектігі бар азамат оңалтудың техникалық құралдары және қызметтерімен қамтамасыз етілді (2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша). Бұл барлық қажеттіліктің
67,9%-ын құрайды (оңалту құралдары мен қызметтеріне қажеттілік саны – 16 761). Атап айтқанда:

1) протездік-ортопедиялық құралдармен 1 389 (немесе 39,7%);

2) сурдотехникалық құралдармен 680 (немесе 77,4%);

3) тифлотехникалық құралдармен 967 (немесе 74,2%);

4) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен 475 (немесе 71,9%);

5) санаторий-курорттық емделу қызметімен 1 710 (немесе 47,4%);

6) жеке көмекшінің қызметімен 1 520 (немесе 92,5%);

7) ымдау тілі маманының қызметімен 123 (немесе 93,2%);

8) міндетті гигиеналық құралдарымен 4 519 (немесе 89,6%) мүгедектігі бар азамат қамтамасыз етілді.

1) Протездік-ортопедиялық құралдар бойынша:

- Бүгінгі күні 956 мүгедектігі бар азамат Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өз тапсырыстарын жасап, тауарларын күтуде.

- Алдын ала жасалған келісімнің нәтижелері бойынша «Medicare International» ЖШС Маңғыстау облысына өз өкілдерін жіберіп, протездік-ортопедиялық бұйымдар жасау үшін 1 123 адамға өлшеу жүргізді. Қазіргі уақытта алынған өлшемдерге сәйкес протездік-ортопедиялық бұйымдар әзірленуде.

- Алдын ала жасалған келісімнің нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың 4 қазанында «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ өкілдері Маңғыстау облысына мүгедектігі бар азаматтардан өлшемдер алу мақсатында келді.

Осылайша, тапсырыстар берген және тиісті өлшеулер жасаған мүгедектердің санын ескере отырып, 68,5%-ға қол жеткізу күтілуде.

2) Сурдотехникалық құралдар бойынша:

- Қазіргі уақытта 145 мүгедектігі бар азамат Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өз тапсырыстарын жасап, тауарларын күтуде.

Тапсырыстар берген мүгедектердің санын ескере отырып, 93,8%-ға қол жеткізіледі.

3) Тифлотехникалық құралдар бойынша:

- Қазіргі уақытта 185 мүгедектігі бар азамат Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өз тапсырыстарын жасап, тауарларын күтуде.

Осылайша, тапсырыстар берген мүгедектердің санын ескере отырып, 88,9%-ға қол жеткізу күтілуде.

4) Арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша:

- Қазіргі уақытта 102 мүгедектігі бар азамат Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өз тапсырыстарын жасап, тауарларын күтуде.

Тапсырыстар берген мүгедектердің санын ескере отырып, 88,4%-ға қол жеткізіледі деп күтілуде.

5) Санаторлық-курорттық емделу қызметімен қамтамасыз ету бойынша:

- Қазіргі уақытта 246 адам шипажайға орналастырылып, қажетті қызметтерін алуда;

- 709 адам өз тапсырыстарын жасап, орындарды брондап қойды.

Осылайша, бұл қызмет түрі тағы 955 адамға көрсетіледі. 74%-ға қол жеткізу күтілуде.

6) Міндетті гигиеналық құралдарымен қамтамасыз ету бойынша:

- Қазіргі уақытта 351 мүгедектігі бар азамат Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өз тапсырыстарын жасап, тауарларын күтуде.

Осылайша, тапсырыстар берген мүгедектердің санын ескере отырып, 96,7%-ға қол жеткізіледі деп күтілуде.

Жоғарыда аталған барлық бағыт бойынша жұмыстар жалғасады және бақылауда. Ағымдағы жылдың соңына дейін 2021 жылдың жоспары (80%) толығымен орындалады деп күтілуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Отчет сентябрь
Дата публикации
28 октября 2021