2021 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша басқарманың жұмысы туралы ақпарат
Кадрларды даярлау мәселесі бойынша, қыркүйек айынан бастап «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде техникалық және кәсіптік білім алуға 1 131 адам жолданды.
Сонымен қатар, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқумен 187 адам қамтылып, бүгінгі күні 123 адам оқуды аяқтады.
Оқудан кейін 25 адам жұмысқа орналастырылды.
Бұл шараға жергілікті бюджеттен 56,8 млн. теңге бөлінді.
Бұдан бөлек, ҚР Үкіметімен бекітілген Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарының 24 тармағына сәйкес ағымдағы жылы «Теңізшевройл» компаниясының қаражатына 5 жұмысшы мамандығы бойынша 218 адам оқытылды (құбырларды дәнекерлеуші, металл құрылымдарын дәнекерлеуші, құбырларды монтаждаушы, металл құрылымдарын монтаждаушы, электр монтаждаушы).
Нәтижесінде жыл басынан бері 405 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтылды. Осы жылға арналған көрсеткіш (400 адам) толықтай орындалды.
Өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу және жұмыс орындарын сақтау үшін меморандум жасақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жыл басынан бері өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу және жұмыс орындарын сақтау бойынша 43 мың адамды қамтитын кәсіпорындармен 694 меморандум жасалды.
Жалпы облыс бойынша 163 301 қызметкері бар
3 219 кәсіпорынмен меморандумдар жасалды, оның ішінде 104 ірі кәсіпорын бар.
Жоспарлы көрсеткішке қол жеткізілді, бұл ретте меморандумдар жасасу жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Жұмыс орындарды құру бойынша. Облыста 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 24 919 жұмыс орны құрылды, оның ішінде
18 697 тұрақты жұмыс орындары немесе жалпы құрылған жұмыс орындарының 75 пайызын құрап отыр.
Осы жылға арналған көрсеткіш (15 мың жұмыс орны) толықтай орындалды.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша жыл басында республикалық бюджеттен 799 адамды, жергілікті бюджеттен 230 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланды.
Бүгінгі күні республикалық бюджет есебінен 881 адам оқуға жолданып, бес кезеңде 764 адам оқуды аяқтады. Оқуды аяқтағандардың ішінен 710 адам жобаларын сәтті қорғағандығы, 54 адам қатысқандығы туралы сертификат алды. Жобаларын сәтті қорғағандардың ішінен 20 адам шағын несие, 251 адам грант алды. Қазіргі уақытта алтыншы кезеңде 35 адам оқып жатыр.
Жергілікті бюджет есебінен 244 адам оқуға жолданып, 230 адам оқуды аяқтады. Оқуды аяқтағандардың ішінен 215 адам жобаны сәтті қорғағандығы жөнінде, 15 адам қатысқандығы туралы сертификат алды. Жобаларын сәтті қорғағандардың ішінен 5 адам шағын несие, 68 адам грант алды.
Нәтижесінде ағымдағы жылы 1 029 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқумен қамтылады. Биылғы жылға арналған жоспарлы көрсеткішке қол жеткізілді.
Сонымен қатар, Жол картасы шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар (көру, есту, ТҚА, арбадағы мүгедектер) адамдар үшін кедергісіз қолжетімділікті құру мақсатында әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің бейімделуін барынша қамту көзделіп отыр. 2021 жылы 305 объектіні, жалпы 5 жылда
1 534 объектіні бейімдеуіміз қажет (Ақтау - 233, Жаңаөзен – 11, Бейнеу – 11, Қарақия – 7, Маңғыстау – 13, Мұнайлы – 20, Түпқараған – 10).
2021 жылы бейімдеуге жататын объектілер тізімін қалалар мен аудандар әкімдері бекітті.
Аталған іс-шараны іске асыру бағытында объектілердің қолжетімділігіне мониторинг жүргізу үшін барлық қалалар мен аудандарда «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құруды мониторингілеу топтары құрылды (мониторинтік топ төрағалары – қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары).
Мониторингтік топпен бүгінгі күні 305 объектіге мониторинг жүргізіп, баланс ұстаушыларға (ғимарат иелеріне) қолжетімділік жасақтау туралы ұсыным берілді.
Биылғы жоспарланған объектілердің ішінде мемлекеттік мекемелерге қарасты 154 объект және 151 жеке меншік объектілер бар.
Объектілердің ең көп саны Білім басқармасына – 82 объект, денсаулық сақтау басқармасына – 22 объект және мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасына – 10 объект тиесілі.
Бүгінгі күні Құрық ауылында Білім басқармасына қарасты
2 объектіні Қарақия ауданы әкімдігімен ішінара беймдеді.
Объектілердің саны және тиісті шараларды қабылдау қажеттілігі туралы ақпарат бірнеше рет қала және аудан әкімдіктеріне жіберілді. Алайда, бүгінгі күні қалалар мен аудандардың әкімдіктері объектілерді бейімдеу бойынша жұмыстарды тиісті деңгейде жүргізбей отыр.
Бүгінгі күні объектілерді бейімдеуге барлығы 30,4 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде Бейнеу ауданында – 2,1 млн. теңге, Қарақия ауданында – 20 млн. теңге, Мұнайлы ауданында – 4,7 млн. теңге, Түпқараған ауданында – 3,6 млн. теңге қаражат бөлінді.
2021 жылы мүгедектігі бар адамдарға тікелей жеткізушілерден оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін дербес сатып алу мүмкіндігін беретін Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды.
Аталған Портал арқылы мүгедектігі бар адамдар протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық, міндетті гигиеналық, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен және санаторий-курорттық емделу, ымдау тілі маманы, жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
Бөлінген қаражатқа байланысты жоспарлы қызмет саны – 11 173. Алайда, кейбір оңалту құралдарының кепілдендірілген бағасының өзгеруіне байланысты, қамтылатын адам сандарында өзгерістер болуы мүмкін.
Бүгінгі күні Маңғыстау облысы бойынша 10 543 мүгедектігі бар азамат оңалтудың техникалық құралдары және қызметтерімен қамтамасыз етілді (2021 жылдың 21 қыркүйегіндегі жағдай бойынша). Бұл барлық қажеттіліктің 62,2%-ын құрайды (оңалту құралдары мен қызметтеріне қажеттілік саны – 16 781).
Бұл көрсеткіш бойынша жоспар 94,4% орындалды.
Қазіргі таңда бұл көрсеткіштерді жоғарылату мақсатында келісім бойынша Маңғыстау облысына тауарды жеткізушілермен
протездік-ортопедиялық бұйымдар жасау үшін өлшеу жүргізіліп, әзірленуде, тапсырыс берілген тауарларды жеткізу жұмыстары жүргізілуде.
1) Протездік-ортопедиялық құралдар бойынша:
- Бүгінгі күні 1 035 мүгедектігі бар азамат Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өз тапсырыстарын жасап, тауарларын күтуде.
- Алдын ала жасалған келісімнің нәтижелері бойынша «Medicare International» ЖШС Маңғыстау облысына өз өкілдерін жіберіп, протездік-ортопедиялық бұйымдар жасау үшін 1 123 адамға өлшеу жүргізді. Қазіргі уақытта алынған өлшемдерге сәйкес протездік-ортопедиялық бұйымдар әзірленуде.
- Ағымдағы жылдың 4 қазанына «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ өкілдерінің Маңғыстау облысына мүгедектігі бар азаматтардан өлшемдер алу мақсатында келуі келісілді.
Осылайша, тапсырыстар берген және тиісті өлшеулер жасаған мүгедектердің санын ескере отырып, 65,3%-ға қол жеткізу күтілуде.
2) Сурдотехникалық құралдар бойынша:
- Қазіргі уақытта 165 мүгедектігі бар азамат Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өз тапсырыстарын жасап, тауарларын күтуде.
Тапсырыстар берген мүгедектердің санын ескере отырып, 86,7%-ға қол жеткізіледі.
3) Тифлотехникалық құралдар бойынша:
- Қазіргі уақытта 202 мүгедектігі бар азамат Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өз тапсырыстарын жасап, тауарларын күтуде.
Осылайша, тапсырыстар берген мүгедектердің санын ескере отырып, 79,4%-ға қол жеткізу күтілуде.
4) Арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша:
- Қазіргі уақытта 102 мүгедектігі бар азамат Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өз тапсырыстарын жасап, тауарларын күтуде.
Тапсырыстар берген мүгедектердің санын ескере отырып, 73,5%-ға қол жеткізіледі деп күтілуде.
5) Санаторлық-курорттық емделу қызметімен қамтамасыз ету бойынша:
- Қазіргі уақытта 246 адам шипажайға орналастырылып, қажетті қызметтерін алуда;
- 709 адам өз тапсырыстарын жасап, орындарды брондап қойды.
Осылайша, бұл қызмет түрі тағы 955 адамға көрсетіледі. 73,9%-ға қол жеткізу күтілуде.
6) Міндетті гигиеналық құралдарымен қамтамасыз ету бойынша:
- Қазіргі уақытта 381 мүгедектігі бар азамат Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өз тапсырыстарын жасап, тауарларын күтуде.
Осылайша, тапсырыстар берген мүгедектердің санын ескере отырып, 93,7%-ға қол жеткізіледі деп күтілуде.
Жоғарыда аталған барлық бағыт бойынша жұмыстар жалғасады және бақылауда. Ағымдағы жылдың соңына дейін 2021 жылдың жоспары (80%) толығымен орындалады деп күтілуде.
2021 жылға облыс бойынша жергілікті бюджет есебінен
3 105 аз қамтылған азаматтарға 143,9 млн. теңгеге өмірлік қиын жағдай туындаған кезде біржолғы материалдық көмек төлеу көзделген.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйекке облыс бойынша жергілікті бюджет есебінен 2 657 аз қамтылған азаматтарға 108,3 млн. теңгеге біржолғы материалдық көмек көрсетілді.
Жыл басынан бері «Алғыс айту» күні, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Рамазан айында үкіметтік емес ұйымдар, қайырымдылық қорлары, супермаркеттер, жеке кәсіпкерлер, маслихат депутаттары, білім беру мекемелері, мемлекеттік мекемелер және аудандық, қалалық мешіттер арқылы азық-түлік пен қаржылай көмектер көсретілді.
Сонымен қатар 9 мамыр - Жеңіс күніне:
Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын
71 отбасы, олардың ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, Ауған соғысының ардагерлері және Чернобыль АЭС қатысушылары Дариға Назарбаеваның «Дегдар» гуманитарлық қорынан (әр отбасыға 130 кг-нан) азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз етілді.
Ақтау қаласы бойынша 6 Ұлы Отан соғысының ардагеріне «Жусан» банкі, «Гудмаркет» супермаркеті, жеке тұлғалардың тарапынан және 355 тыл ардагерлеріне жеке кәсіпкерлер тарапынан азық-түлік топтамалары таратылды.
Жаңаөзен қаласы бойынша мемлекеттік мекемелер тарапынан 49 тыл ардагерлеріне азық-түлік топтамалары таратылды.
Мұнайлы ауданы бойынша кәсіпкерлердің қолдауымен 60 тыл ардагерлеріне азық-түлік топтамалары таратылды.
Түпқараған ауданы 9 мамыр Жеңіс күні мерекесі қарсаңында НКОК компаниясының демеушілігімен Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек еткен 67 тыл ардагерлеріне медициналық оттегі концентратор аппараты (ИВЛ) (құны 250,0 мың теңге) сыйға тартылды. Елдегі коронавирус инфекция індеті күшейіп тұрған кезеңде медициналық оттегімен тыныс алу аппараты бірден бір қажетті жабдық.
Ауданда тұрып жатқан 67 тыл ардагерлеріне жергілікті әкімдіктері азық-түлік топтамалары таратты.
Ақтау қаласының 2 тұрғынының ем алу шаралары үшін материалдық қолдау көрсету мақсатында Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан өңіріміздегі ірі кәсіпорындарға, мекемелерге демеушілік қолдау шараларын алу үшін ұсыныс хаты жолданып, кәсіпорындар мен мекемелерден барлығы 3,2 млн теңге мөлшерінде демеушілік қолдау көрсетілді.
Сайын-Шапағатов мектеп-гимназиясы атынан ауылдың тұрғынына ем алуға ақшалай көмек 500 мың теңге, Форт-Шевченко қаласының әкімі аппаратымен спорт кешені тарапынан мүмкіндігі шектеулі 1 тұрғынына барлығы 150 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді. Мәслихат депутаттары «Дәрігерлерді ардақтайық» акция аясында 10 дәрігерлердің әрқайсысына 50 мың теңге көлемінде сыйлық таратты.
Жоғарыдағы бюджеттен тыс көрсетілген іс шаралар негізінде барлығы 1 557 отбасыға 34,8 млн. теңге көлемінде қайырымдылық қолдау көрсетілді.
Қорытындылай келе Басқармаға тиесілі 4 шара орындалды,
1 шара жыл соңына дейін орындалады, 2 шара