Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімнің 2021 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат.
Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімнің 2021 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат.
«Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша ағымдағы жылы қаңтар айында мемлекеттік қызметін алуға 1482 өтініш түсті, нәтижесінде 1646 адамға қандас мәртебесі берілсе, 389 адамның қандас мәртебесі ұзартылды. Сонымен қатар, қандас мәртебесін алу үшін ұсынылған құжаттардың ішінде дәлелді негіздермен 24 өтініш орындаудан бас тартылды.
Қандастар негізінен Мұнайлы ауданында (64%) және Ақтау қаласында (18 %) орналасқан.
Қандастардың 64%-ын Өзбекстан Республикасынан, 32%-ын Түркменстаннан және 3%-ын Иран Ислам Республикасынан көшіп келген этникалық қазақтар құрайды.
Маңғыстау облысы қоныс аударушылар мен қандастар қоныстандырылатын өңірлер тізбесіне енгізілмей, еңбек ресурстарының шығу өңірлерінің бірі ретінде айқындалды.
Ағымдағы жылы Маңғыстау облысынан солтүстік облыстарға 10 отбасы құрамында 20 адам қоныс аударды.
Облыстық «Маңғыстау» телеарнасынан қандастарға қатысты сұқбат берілді. Сонымен қатар, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің МО бойынша департаментінің Антикор орталығында (mangistau_antikor) «Адал көмек» жобасы аясында «Қандастар мәртебесін беру немесе ұзарту мемлекеттік қызметінің электрондық қызметке көшуі» тақырыбында тікелей эфир өтті.