Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2021 жылғы 1 тоқсан қорытындысы бойынша әлеуметтік жобалар бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат
Ағымдағы жылы тұрмыстық зорлық - зомбылық құрбандарына және өмірлік қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін үкіметтік емес ұйыммен (бұдан әрі – ҮЕҰ) - "РАЙ "әлеуметтік шұғыл көмек көрсету орталығы" ЖМ (бұдан әрі - Орталық) жалпы сомасы 21 351,0 мың теңгеге (10% - РБ, 90% - ЖБ) шарт жасалды (15.01.2021 ж. №2)
Начало формы
Конец формы
Осы адамдарды оңалту орталығында әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсетіледі, оларды 6 айға дейінгі мерзімге уақытша жыл бойы болуға арналған стационар жағдайларында немесе күндізгі болу жағдайларында ала алады. 1 тоқсанның қорытындысы бойынша орталық тұрмыстық зорлық – зомбылықтың 17 құрбанына қызмет көрсетті, оның ішінде 6 – Ана, 11-бала. Көрсетілген қызмет актілеріне сәйкес Орталыққа 3 319,6 мың теңге аударылды.
Сондай – ақ, ағымдағы жылы психоневрологиялық патологиялары бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін "Здоровье детям" ҮЕҰ - мен (бұдан әрі-Қор) жалпы сомасы 19 203,0 мың теңгеге (100% РБ) шарт жасалды. Қорда жартылай стационар жағдайында бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсетіледі. Оңалту барысында Қор балаларға ғана емес, ата-аналарға да медициналық кеңестер, дәрі-дәрмексіз терапия, психологиялық диагностика мен тексеру, психологиялық тренингтер өткізеді. Сондай-ақ, Қор мерекелік, бос уақыт және анимациялық іс-шаралар өткізеді.
Начало формы
Конец формы
1 тоқсанның қорытындысы бойынша қор 22 балаға қызмет көрсетті (оңалту шаралары Мұнайлы ауданынан келген балаларға да көрсетілді). Көрсетілген қызмет актілеріне сәйкес қорға 1 012,1 мың теңге аударылды.
"Инватакси қызметін көрсету" әлеуметтік жобасы Үйлестіру кеңесі мүшелерінің шешімі бойынша "инватакси қызметін көрсету 1 лот" (мүгедектерді мамандандырылған көлікпен тасымалдау) және "инватакси қызметін көрсету 2 лот" (мүгедектерді жеңіл көлікпен тасымалдау) екі лотқа бөлінді.
"Инватакси 2 лот қызметтерін көрсету" әлеуметтік жобасы бойынша "Қазақ соқырлар қоғамы" ҚБ "Маңғыстау" КҚ жеткізушісі анықталды, онымен жалпы сомасы 7 573,9 мың теңге (100% ЖБ) 06.02.2021 ж. №22 шарт жасалды. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша өнім беруші 934 тапсырысты орындап, 50 мүгедекті тасымалдады. Көрсетілген қызмет актілеріне сәйкес қорға 1 107.7 мың теңге аударылды.
Начало формы
Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдаламалар басқармасы