Халықты жұмыспен қамту мәселесі

Халықты жұмыспен қамту мәселесі

     2021 жылдың 1 маусымына экономиканың  барлық саласында 14581 жұмыс орны, оның ішінде 9795 тұрақты жұмыс орны құрылды. Нәтижесінде жалпы жұмыссыздық деңгейі 40,9% деңгейінде қалыптасты.

       Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аясында келесі іс - шаралар іске асырылуда:

    - «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен -1131 адам қамтылды, қысқа мерзімді курстарға – 47 адам жолданды.

     - «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша:

     - кәсіпкерлік негіздеріне «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 550 адам оқумен қамтылды;

      - мемлекеттік гранттарды жүзеге асыру мақсатында 607 адамға 354,1 млн. теңге қарастырылды, бүгінгі таңда гранттарды 309 адам алды;

        - шағын несиені – 83  адам алды.

     - «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты бойынша 6324 адам тұрақты жұмыс орныдарына орналастырылды, жастар тәжірибесіне – 453 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 494 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 3912 адам жіберілді, алғашқы жұмыс орындарына – 20 адам жолданды.

 

 

Халықты жұмыспен қамту мәселесі
Дата публикации
01 июля 2021