Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімнің 2021 жылы I тоқсандағы атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімнің 2021 жылы I тоқсандағы атқарған жұмыстары туралы ақпарат.

 

    «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша ағымдағы жылдың үш айында мемлекеттік қызметін алуға  562 өтініш түсті, нәтижесінде 542 адамға қандас мәртебесі берілсе,              217 адамның қандас мәртебесі ұзартылды. Сонымен қатар, қандас мәртебесін алу үшін ұсынылған құжаттардың ішінде дәлелді негіздермен 7 өтініш орындаудан бас тартылды.

       Қандастар негізінен  Ақтау қаласы (20 %) және Мұнайлы ауданында (66%) аудандарында орналасқан.

    Қандастардың 62%-ын Өзбекстан Республикасынан, 36%-ын Түркменстаннан және 13%-ын Иран Ислам Республикасынан көшіп келген этникалық қазақтар құрайды.

      Ағымдағы жылы 22 қаңтарда облыстық «Маңғыстау» телеарнасынан қандастарға қатысты сұқбат берілді. Сонымен қатар 10 ақпанда және 27 сәуірде ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің МО бойынша департаментінің Антикор орталығында (mangistau_antikor) «Адал көмек» жобасы аясында «Қандастар мәртебесін беру немесе ұзарту мемлекеттік қызметінің электрондық қызметке көшуі», «Ерікті қоныс аудару» тақырыбында тікелей эфир өтті.

Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімнің 2021 жылы I тоқсандағы атқарған жұмыстары туралы ақпарат.
Дата публикации
04 мая 2021