Мүгедектігі бар азаматтардың оңалтудың жеке бағдарламасының орындалысы туралы

Мүгедектігі бар азаматтардың оңалтудың жеке

бағдарламасының орындалысы туралы

 

  Маңғыстау облысы бойынша оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту құралдары мен қызметтерін қажет ететін мүгедектігі бар азаматтардың саны – 10 040.

   2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 3 307 мүгедектігі бар азамат оңалту құралдары және қызметтермен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда:

     - протездік-ортопедиялық құралдармен – 12 адам;

     - сурдотехникалық құралдармен – 15 адам;

     - тифлотехникалық құралдармен – 95 адам;

     - арнаулы жүріп-тұру құралдарымен – 43 адам;

     - санаторий-курорттық емделу қызметімен – 32 адам;

    - жеке көмекшінің қызметімен – 1 107 адам;

    - ымдау тілі маманының қызметімен – 87 адам;

  - міндетті гигиеналық құралдарымен – 1 916 адам қамтамасыз етілді.

     Сонымен қатар, бұдан бөлек 454 мүгедектігі бар азамат Әлеуметтік қызметтер порталында оңалту құралдарына өз тапсырыстарын беріп қойды. Санаторий-курорттық емделу қызметіне 1 107 мүгедектігі бар азамат тапсырыстарды беріп, санаторий ұйымдарына орындарды брондап қойды.

 

    Анықтама ретінде: Қазіргі таңда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен сурдотехникалық құралдардың және протездік-ортопедиялық құралдардың кейбір түрлерімен Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қамтамасыз етудің механизмі әзірленіп жатыр. Алдағы уақытта мүгедектігі бар азаматтар бұл құралдармен де толық қамтамасыз етілетін болады.

 

Осылайша, ағымдағы жылдың 1-тоқсаны бойынша оңалтудың жеке бағдарламасының орындалысы 32,9%-ды құрап отыр (2021 жылға оңалтудың жеке бағдарламасының орындалысына жоспар – 80%).

 

 

 

 

О выполнении программы индивидуальной реабилитации инвалидов
Дата публикации
16 апреля 2021