2021 жылдың қантар айында көрсетілген әлеуметтік көмектер бөлімінің жұмысы туралы ақпарат
Атаулы әлеуметтік көмек
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген көп балалы отбасыларды, аз қамтылған отбасыларды мемлекеттік қолдау тәсілдерін жүзеге асыру мақсатында тиісті шаралар қамтамасыз етілуде.
2021 жылға облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге: республикалық бюджеттен – 2 564,3 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 123,6 млн. теңге, кепілдік берілген әлеуметтік топтамаға республикалық бюджеттен – 459,6 млн. теңге қаражат бөлінген.
2021 жылдың 1 сәуір жағдайына атаулы әлеуметтік көмек алушы 2 691 отбасына (14 417 адам) 416,1 млн.теңге қаражат төленді.
Оның ішінде шартсыз атаулы әлеуметтік көмек 594 отбасыға (2 374 адам) 103,9 млн.теңге; шартты атаулы әлеуметтік көмек – 2 097 отбасыға (12 043 адам) 312,2 млн.теңге төленді.
Әлеуметтік кепілдендірілген топтама
Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларына 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсынылды.
2020 жылдың қазан айынан бастап барлық аймақтарда Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы табысы аз отбасылардың балалары үшін кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларды беру пилоттық режимде ұсынылды.
Облыс бойынша 2021 жылға азаматтарды кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету шеңберінде тауарлар және көрсетілетін қызметтер сатып алынатын 47 тауар жеткізуші ұйымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына енгізілді.
Барлық аудандық, қалалық бөлімдер тауар жеткізушілермен келісім шарт жасақтады.
Облыс бойынша ағымдағы жылдың 1 сәуіріна атаулы әлеуметтік көмек алатын 2 685 отбасының 3 622 балаға азық – түлік топтамасы мен гигиеналық топтамасы тағайындалды.