Әлеуметтік көмектер бөлімінің
2021 жыл басынан атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Атаулы әлеуметтік көмек туралы
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген көп балалы отбасыларды, аз қамтылған отбасыларды мемлекеттік қолдау тәсілдерін жүзеге асыру мақсатында тиісті шаралар қамтамасыз етілуде.
2021 жылға облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге: республикалық бюджеттен – 2 564,3 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 123,6 млн. теңге, кепілдік берілген әлеуметтік топтамаға республикалық бюджеттен – 459,6 млн. теңге қаражат бөлінген.
2021 жылдың 1 наурыз жағдайына атаулы әлеуметтік көмек алушы 2 465 отбасына (13 263 адам) 212,5 млн.теңге қаражат төленді.
Оның ішінде шартсыз атаулы әлеуметтік көмек 551 отбасыға (2 223 адам) 57,9 млн.теңге; шартты атаулы әлеуметтік көмек – 1 914 отбасыға (11 040 адам) 154,6 млн.теңге төленді.
Әлеуметтік кепілдендірілген топтама туралы
Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларына 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсынылды.
2020 жылдың қазан айынан бастап барлық аймақтарда Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы табысы аз отбасылардың балалары үшін кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларды беру пилоттық режимде ұсынылды.
Облыс бойынша 2021 жылға азаматтарды кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету шеңберінде тауарлар және көрсетілетін қызметтер сатып алынатын 47 тауар жеткізуші ұйымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына енгізілді.
Барлық аудандық, қалалық бөлімдер тауар жеткізушілермен келісім шарт жасақтады.
Облыс бойынша ағымдағы жылдың 1 наурызына атаулы әлеуметтік көмек алатын 2 587 отбасының 3 396 балаға азық – түлік топтамасы мен гигиеналық топтамасы тағайындалды. Оның ішінде Ақтау қаласы бойынша 732 бала кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілді.
Жергілікті бюджеттен берілетін қосымша әлеуметтік көмектер туралы
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жекелеген санаттағы азаматтарға, соның ішінде мүгедектерге жыл сайын мерекелер мен атаулы даталарға – Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі күні, Конституция күні, Халықаралық мүгедектер күні, Тәуелсіздік күні құрметіне 5 (бес) айлык есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде әлеуметтік көмек төленеді.
Әлеуметтік жағдайы төмен және халықтың осал топтары үшін өмірлік қиын жағдай туындаған кезде біржолғы материалдық көмек көрсету көзделген, ағымдағы жылдың 1 наурызына 335 адамға 17803,3 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.
Көп балалы және жалғызбасты аналардың паспортын жасақтау туралы
Облыс әкімімен аппараттық жиналыста көп балалы және жалғызбасты аналардың әлеуметтік паспортын жасақтап, бірыңғай базаға енгізу жөнінде 2020 жылдың 6 маусымына дейін тапсырма берілген болатын. Жалпы саны 1977 көп балалы және жалғызбасты аналардың тізімі жасақталды.
Жасақталған әлеуметтік паспорттарына тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп, қосымша анықталған отбасылар тізімге қосылады. Қазіргі таңда 2 274 көп балалы және жалғызбасты отбасылардың тізімі қалыптастырылып, оның ішінде көп балалы отбасылар - 1564, жалғызбасты аналар - 388, ажырасқандар - 279, асыраушысынан айырылған отбасылар – 38, жолдасы бас бостандығынан айырылғандар – 5.
Әлеуметтік паспортта аз қамтылған, мұқтаж аналардың мәселелері, оларға жан-жақты, көрсетілген көмектер бойынша мәлімет жинақталған. Әр бағыт бойынша құзырлы мекемелерден мәліметтер алынды. Барлық аудан, қала әкімдіктер тарапынан паспорттардың 16 бағыты бойынша толық мәліметтері енгізілді.
«Е-халық» ақпараттық жүйесіне (АЖ) өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар туралы
Отбасының сандық әлеуметтік картасын қолдану мәселесі бойынша облыста 2020 жылы 1 маусымына ақпараттық жүйеде қайта тексеру кезінде қиын өмірлік жағдайға тап болған 47 отбасы анықталды. Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың басым бөлігі Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында тіркелген. Алайда, отбасылардың тізімдерін зерттеу барысында дағдарыстық жағдайына түскен 47 отбасының ішінде ата-анасынан бөлек тіркелген – 30 бала. Бұл дегеніміз Е-халық базасына ақпаратты дұрыс енгізілмегендіктен болып отыр. Тексеруден кейін, әлеуметтік карталарына түзетулер енгізіліп дағдарыстық жағдайдан барлық 47 отбасы шығарылды.
2021 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасы «Е-халық» ақпараттық жүйесінде тіркеуде жоқ.
Ал бүгінгі күні, 2021 жылдың 10 наурызына облыс бойынша өмірлік қиын жағдайға тапболған отбасы «Е-халық» ақпараттық жүйесінде 5 отбасы 8 адамды көрсетіп тұр.