Жұмыспен қамтуды үйлестіру, еңбек нарығын талдау және мониторингілеу бөлімінің жұмысы туралы ақпарат

  

2021 жылдың 1 ақпанына экономиканың  барлық саласында 3231 жұмыс орны, оның ішінде 936 тұрақты жұмыс орны құрылды. Нәтижесінде жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,1% деңгейінде қалыптасты.

   Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аясында келесі іс - шаралар іске асырылуда:

   - «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен -1131 адам қамтылды.

    - «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша:

     - кәсіпкерлік негіздеріне «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 750 адам оқумен қамтылады;

    - мемлекеттік гранттарды жүзеге асыру мақсатында 607 адамға 354,1 млн. теңге қарастырылды ;

    - шағын несиені – 148 адам алуды жоспарланды.

  - «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты бойынша 521 адам тұрақты жұмыс орныдарына орналастырылды, жастар тәжірибесіне – 152 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 141 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 1995 адам жіберілді.

 

Жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпарат
Дата публикации
11 марта 2021