2021 жылдың қантар айында көрсетілген әлеуметтік көмектер бөлімінің жұмысы туралы ақпарат
Атаулы әлеуметтік көмек
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген көп балалы отбасыларды, аз қамтылған отбасыларды мемлекеттік қолдау тәсілдерін жүзеге асыру мақсатында тиісті шаралар қамтамасыз етілуде.
2021 жылға облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге: республикалық бюджеттен – 2 564,3 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 123,6 млн. теңге, кепілдік берілген әлеуметтік топтамаға республикалық бюджеттен – 459,6 млн. теңге қаражат бөлінген.
2021 жылдың 1 ақпан жағдайына атаулы әлеуметтік көмек алушы 2 380 отбасына (12 814 адам) 133,6 млн.теңге қаражат тағайындалды, төлемдер ақпан айының 10-на дейін төленді.
Оның ішінде шартсыз атаулы әлеуметтік көмек 549 отбасыға (2 223 адам) 34,9 млн.теңге; шартты атаулы әлеуметтік көмек – 1 831 отбасыға (10 591 адам) 98,7 млн.теңге төленді.
Әлеуметтік кепілдендірілген топтама
Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларына 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсынылды.
2020 жылдың қазан айынан бастап барлық аймақтарда Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы табысы аз отбасылардың балалары үшін кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларды беру пилоттық режимде ұсынылды.
Облыс бойынша 2021 жылға азаматтарды кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету шеңберінде тауарлар және көрсетілетін қызметтер сатып алынатын 47 тауар жеткізуші ұйымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына енгізілді.
Ақтау қаласы бойынша табысы аз отбасылардың балаларына кепілден-дірілген әлеуметтік топтамаларды ұсыну үшін бір жыл ішінде әрекет ету мерзімімен «Алкувадов» жеке кәсіпкермен келісім-шарт жасалды.
Қазіргі таңда тауар жеткізушілермен Жаңаөзен қаласы, Бейнеу және Маңғыстау аудандары келісім-шарт жасау шараларын жүргізіліп жатыр.
Қарақия, Мұнайлы, Түпқараған аудандары тауар жеткізушілерден баға ұсыныстарын жинақтау жұмыстары жүргізілуде.