Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімнің 01.02.21 жылғы жұмысы туралы ақпарат

Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімнің 2021 жылы қаңтар айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат.

 

     «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша ағымдағы жылы  қаңтар айында мемлекеттік қызметін алуға  125 өтініш түсті, нәтижесінде 107 адамға қандас мәртебесі берілсе, 64 адамның қандас мәртебесі ұзартылды. Сонымен қатар, қандас мәртебесін алу үшін ұсынылған құжаттардың ішінде дәлелді негіздермен 2 өтініш орындаудан бас тартылды.

     Қандастар негізінен  Ақтау қаласы (18 %) және Мұнайлы ауданында (67%) аудандарында орналасқан.

    Қандастардың 53%-ын Өзбекстан Республикасынан, 41%-ын Түркменстаннан және 6%-ын Иран Ислам Республикасынан көшіп келген этникалық қазақтар құрайды.

       Ағымдағы жылы 22 қаңтарда облыстық «Маңғыстау» телеарнасының жаңалықтар айдарынан қандастарға қатысты сұқбат берілді.

 

Көші-қон бөлімінің жұмысы туралы ақпарат
Дата публикации
10 марта 2021