2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалар бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпарат

2020 жылдың қорытындысы бойынша

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалар бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпарат

 

      Ағымдағы жылы тұрмыстық зорлық - зомбылық құрбандарына және өмірлік қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін "РАЙ "әлеуметтік шұғыл көмек көрсету орталығы" ЖМ (бұдан әрі - орталық) үкіметтік емес ұйымымен (бұдан әрі-ҮЕҰ) жалпы сомасы 24 418,0 мың теңгеге шарт жасалды.

    Осы адамдарды оңалту орталығында әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсетіледі, оларды 6 айға дейінгі мерзімге уақытша жыл бойы болуға арналған стационар жағдайларында немесе күндізгі болу жағдайларында ала алады.

    Есеп беру кезеңінде орталық 61 тұрмыстық зорлық – зомбылық құрбандарына, оның ішінде 15 ана, 46 балаға қызмет көрсетті (2020 жылы Мұнайлы және Қарақия аудандарынан тұрмыстық зорлық – зомбылық құрбандарына қызмет көрсетілді). Көрсетілген қызмет актілеріне сәйкес Орталыққа 15 955,4 мың теңге аударылды.

    Сондай - ақ, ағымдағы жылы психоневрологиялық патологиялары бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін "Здоровье детям" ҚҚ ҮЕҰ (бұдан әрі-Қор) жалпы сомасы 17 196,0 мың теңгеге шарт жасалды.

     Қорда жартылай стационар жағдайында бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсетіледі. Оңалту барысында Қор балаларға ғана емес, ата-аналарға да медициналық кеңестер, дәрі-дәрмексіз терапия, психологиялық диагностика мен тексеру, психологиялық тренингтер өткізеді. Сондай-ақ, Қор мерекелік, бос уақыт және анимациялық іс-шаралар өткізеді.

         2020 жылдың қорытындысы бойынша қор 91 балаға, оның ішінде 36 балаға – тірек-қимыл аппараты бұзылған және 55 балаға – психоневрологиялық патологиялары бар балаларға қызмет көрсетті (2020 жылы оңалту шаралары Мұнайлы, Бейнеу, Маңғыстау аудандарынан және Жаңаөзен қаласынан келген балаларға да көрсетілді). Көрсетілген қызмет актілеріне сәйкес Қорға 4 486.7 мың теңге аударылды.

    Бұдан басқа, инватакси қызметтерін көрсету үшін "Қазақ соқырлар қоғамы" ҚБ "Маңғыстау" КҚ ҮЕҰ - мен (бұдан әрі-Қор) жалпы сомасы 7 019,1 мың теңгеге шарт жасалды.

    Қор жеке көмекшінің қызметі бар мүгедектерге, сондай-ақ мүгедек балаларға инватакси қызметтерін көрсетеді.

     Есепті кезеңде Қор 4 232 тапсырысты орындап, 51 мүгедекті тасымалдады. Көрсетілген қызмет актілеріне сәйкес Қорға 7 019,1 мың теңге аударылды.

 

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды

үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Нәтижелер
Дата публикации
21 января 2021