Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімнің 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімнің 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы ақпарат.

      "Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі жергілікті атқарушы орган немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады .

       Ағымдағы жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы филиалының  Халыққа қызмет көрсету бойынша Ақтау қалалық және Бейнеу аудандық бөлімдерінің инспекторларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

     Басқармаға келіп түскен «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» туралы өтініштегі азаматтардың «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне қолданыстағы заңға және қағидаға сәйкес  дұрыс енгізілуін күнделікті қадағаланады.

    «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 2020 жылы   мемлекеттік қызметін алуға  1431 өтініш түсті, нәтижесінде 1737 адамға қандас мәртебесі берілсе, 403 адамның қандас мәртебесі ұзартылды. Сонымен қатар, қандас мәртебесін алу үшін ұсынылған құжаттардың ішінде дәлелді негіздермен 38 өтініш орындаудан бас тартылды.

        Қандастар негізінен  Ақтау қаласы (19 %) және Мұнайлы ауданында (63,9%) аудандарында орналасқан.

    Қандастардың 34,9%-ын Өзбекстан Республикасынан, 60,3%-ын Түркмен-станнан, 2,4%-ын Иран Ислам Республикасынан және  2,4%-ын басқа елдерден көшіп келген этникалық қазақтар құрайды.

      2020 жылғы 1 қазаннан бастап «оралман мәртебесін беру  немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі курьерлерсіз электрондық түрде пилоттық режимде іске қосылды.

      Маңғыстау облысы қоныс аударушылар мен қандастар қоныстандырылатын өңірлер тізбесіне енгізілмей, еңбек ресурстарының шығу өңірлерінің бірі ретінде айқындалды.

      Ағымдағы жылы Маңғыстау облысынан солтүстік облыстарға     13 отбасы      құра- мында 47 адам қоныс аударды.

Есеп оралман
Дата публикации
18 января 2021