Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімімен 2020 жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі ақпарат

Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімімен 2020 жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі ақпарат

 

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылға Маңғыстау облысы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2 530 (бірлік) квота бөлді. Оның ішінде I санат –50 бірлік, II санат – 759 бірлік, III санат – 821 бірлік, IV санат – 748 бірлік, ауыл шаруашылығы – 152 бірлік.

  2020 жылы(12 айдың қорытындысы)шетелдік жұмыс күшін тартуға      673 рұқсат(ішінде I санат–29 бірлік, II санат –222, III санат–274, IV санат – 72, ауыл шаруашылығы – 75, корпоративішілік ауысу -1) берілді.

     Жыл басынан бері облыс аумағына шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілермен жергілікті бюджетке 298 864 193 теңге салық алымы төленді.

       Облысқа негізгі шетелдік жұмыс күшін әкелуші Қытай (315 адам), Өзбекстан (81 адам),Үндістан (54 адам), Түркия (39 адам), Италия (25 адам), Украина (25 адам), Филиппин (23 адам) елдері болып табылады.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша

     Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөліммен «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.

          2020 жылы аталған қызмет бойынша жеке және заңды тұлғалардан барлығы 1 034 өтініш келіп түсті, оның ішінде электрондық форматта –                 857  (жеке тұлғаға көрсетілген қызмет – 7, ал заңды тұлғаға – 850) қағаз түрінде – 177 (жеке тұлғаға көрсетілген қызмет – 41, ал заңды тұлғаға – 136).

    Мемлекеттік қызметті көрсету барысында бас тартылғандар саны -    395, оның ішінде электрондық форматта – 305, қағаз түрінде - 90 (жеке тұлғаға бас тартылғандар саны – 2, ал заңды тұлғаға бас тартылғандар саны –393).

      2020 жыл бойынша бөліммен 24 түсіндіру шаралары (22 кездесу, 1 «Ашық есік күні», 1 жергілікті басылымға мақала) ұйымдастырылып, шамамен 50 адам қамтылды.

           

Есеп 2020
Дата публикации
15 января 2021