Әлеуметтік оңалту бөлімінің
2020 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп
2020 жылы мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларын орындау мақсатында мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету 2 бағытта – Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы және мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылды.
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы:
2020 жылдың қаңтар айында мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен (бұдан әрі – ОТҚ) қамтамасыз ететін Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) қолданысқа енгізілді. Аталған Портал арқылы облыстың мүгедектігі бар адамдары 1 652 ОТҚ-мен қамтамасыз етілді. Осылайша, Портал арқылы берілген тапсырыстың 93,8%-ы орындалып, 73 млн. теңге қаржы игерілді.
Сонымен қатар, ОТҚ және санаторлы-курорттық емделу қызметтерін алу үшін 14 049 мүгедектігі бар адамға ЭЦҚ кілтін ашуға ықпал етіліп, олар Порталға кіру мүмкіндігіне ие болды.
Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы:
2020 жылы мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 389 млн. теңге қаржы игерілді. Сурдотехникалық құралдармен – 336 адам, тифлотехникалық құралдармен – 897 адам, протездік-ортопедиялық көмекпен – 2 418 адам, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен – 560 адам және санаторлы-курорттық емделумен – 574 адам, барлығы 4 785 адам қамтамасыз етілді.
Осылайша, 2020 жылы 462 млн. теңгеге 6 437 мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарымен және санаторлы-курорттық емделу қызметімен қамтамасыз етілді.
Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қорғауды жүзеге асыру мақсатында Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан бірқатар әлеуметтік шаралар жүзеге асырылды.
Қалалар, аудандар әкімдіктерінің және бөлімдерінің ресми интернет-ресурстарына, әлеуметтік желілерге (facebook, instagramm ресми парақшаларына) Әлеуметтік қызметтер порталының артықшылықтары туралы хабарландыру-ақпараттары, инфогра-фикалар кеңінен жарияланды. «Қазақстан-Ақтау» жергілікті телеарнасының «Көзбе-көз», «Менің құқығым», «Мәміле» бағдарламаларында «Мүгедектерге қарастырылған мүмкіндіктер», «Әлеуметтік жәрдемақылардың жайы» тақырыптарында облыс тұрғындарына ақпараттық-түсіндірме сұқбаттары берілді.