Жұмыспен қамтуды үйлестіру, еңбек нарығын талдау және мониторингілеу бөлімі

    Жұмыспен қамтуды үйлестіру, еңбек нарығын талдау және мониторингілеу бөлімі

    2020 жылы экономиканың  барлық саласында 32298 жұмыс орны, оның ішінде 28025 тұрақты жұмыс орны құрылды. Нәтижесінде жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,1% деңгейінде қалыптасты.

    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасыныңаясында келесі іс - шаралар іске асырылуда:

 - «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша 1455 адам қамтылды.

       - «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша:

     - кәсіпкерлік негіздеріне «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1243 адам оқумен қамтылды;

      - мемлекеттік гранттарды – 835 адам алды;

       - шағын несиені – 395 адам алды.

  - «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты бойынша 10756 адам тұрақты жұмыс орныдарына орналастырылды, жастар тәжірибесіне – 1701 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 811 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 5016 адам жіберілді.

Отчет о работе отдела еоординации занятости за 2020 год
Дата публикации
15 января 2021