Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»
мемлекеттiк мeкeмeci туралы
Е Р Е Ж Е
мемлекеттік тілде: «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение «Управление координации занятости и социальных программ Мангистауской области».
Егер «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер облыстық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
1) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізеді;
2) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органдарды үйлестіреді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
3) кәсіпкерлік бастамашылықты дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды қолдайды;
4) жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға әлеуметтік қорғау көрсетеді;
5) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар береді және (немесе) ұзартады, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;
6) «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде ведомстволық есептілікті қалыптастырады;
7) мүгедектерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуды үйлестіреді;
8) мүгедектердi оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал етедi;
9) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес мүгедектердi кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастырады;
10) мүгедектерді әлеуметтiк, кәсiптiк оңалтуды ұйымдастырады;
11) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуiн қамтамасыз етедi;
12) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
13) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мәдени-көпшілік және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
14) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмектiң көрсетiлуiн үйлестiредi;
15) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
16) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
17) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілердің қызметін қамтамасыз етеді;
18) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсетуін қамтамасыз етеді;
19) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;
20) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, кадрларды қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
21) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды;
22) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін әзірлейді және оларды облыс әкімдігігінің бекітуіне ұсынады;
23) «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер қорын қалыптастырады;
24) «Әлеуметтік көмек» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде ведомстволық есептілікті қалыптастырады;
25) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
26) «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді: этникалық қазақтардан оралман мәртебесін беруге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды, оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды, оралман куәлігін береді;
27) «Оралман» деректер қоры автоматтандырылған ақпараттық жүйесін қалыптастырады;
28) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган бөлген квота шегiнде, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында, сондай-ақ квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар бередi, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;
29) «Жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетеді;
30) «Шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін қалыптастырады.
31) Қазақстан Республикасының заңнамасымен «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
1) құзыретіне жататын мәселелер бойынша Маңғыстау облыс әкімі мен әкімдігі қабылдайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар енгізуге;
2) атқарушы органдарға облыстың халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны салаларының даму стратегиясын іске асыруға кедергі болатын олар қабылдаған актілерінің күші жойылды деп тану немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге;
3) өз құзыреті шегінде коммуналдық меншіктегі мүлікті иелену, пайдалану және билік ету мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
4) коммуналдық мемлекеттік мекемелерді құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
5) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
6) «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер мен семинарлар ұйымдастыруға және оларға қатысуға;
7) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
1) «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
2) бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге;
3) «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге;
4) «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
1) өз орынбасарларының, бөлім басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
2) «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіпте «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету және оларға тәртіптік жазалар беру мәселелерін шешеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұйрықтар шығарады;
5) «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің және қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің құрылымы мен штат кестесін бекітеді;
6) барлық мемлекеттік органдарда және ұйымдарда «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
7) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;
8) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджет қаражаттарының тиімді және мақсатты пайдаланылуын бақылайды;
9) «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысқа жеке жауапты болады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1) Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 1 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 386 қаулысына сәйкес);
2) Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 386 қаулысына сәйкес);
3) Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 386 қаулысына сәйкес);
4) Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 4 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 386 қаулысына сәйкес);
5) Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Әлеуметтік жатақханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы №386 қаулысына сәйкес);
6) «Жаңа серпін» орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы №16 қаулысына сәйкес);
7) Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 114 қаулысына сәйкес);
8) Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Оңалту және әлеуметтендіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 115 қаулысына сәйкес).