Ағымдағы жылы 32 мың жұмыс орны құрылады деп жоспарланған болатын.
1 желтоқсанға облыс бойынша 32 мың жұмыс орны құрылды, оның 87 пайызы тұрақты жұмыс орындары. Яғни жоспар 100 пайызға орындалып отыр.
Анықтама үшін: Халықтың жұмыспен қамтылуын ішінара зерттеу деректері бойынша 2020 жылғы ІIІ тоқсанда 15 жас және одан жоғары жастағы жұмыс күші (экономикалық белсенді халық саны) 320,7 мың адамды құрады және 2020 жылғы IІ тоқсанмен салыстырғанда 0,3 мың адамға көбейді, экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі - 71,3%. Облыс экономикасында 304,3 мың адам жұмыспен қамтылды немесе 15 жас және одан жоғары жастағы халықтың 67,6%-ы.
Жұмыссыздар саны 2020 жылғы ІІІ тоқсанда 16,4 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 5,1% деңгейінде қалыптасты (2019 жылғы ІІІ тоқсанда - 5,3%).
Облыстың жұмыспен қамту орталықтарына жыл басынан бері 39 370 адам жүгінді (4 652 адам жұмысынан айырылуына байланысты төлем бойынша). Бүгінгі күні жұмыспен қамту орталықтарында 10 707 адам жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр.
Жыл басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 26,7 мың адам қатысушы ретінде танылды.
Аталған бағдарлама шеңберінде 337 адамға шағын несие, 425,5 млн. теңгеге 768 адамға мемлекеттік грант берілді.
Осы бағдарламаның «Бастау Бизнес» жобасы аясында 1243 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен қамтылды және қыркүйек айынан бастап 1,2 мың адам кәсіптік және техникалық оқытумен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтылып бастады.
Сонымен қатар, осы бағдарлама шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына 7,4 мың адам жолданды(оның ішінде 804 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 1685 адам жастар тәжірибесіне және 4950 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды).
Жыл басынан бері қалалық және аудандық жұмыспен қамту орталықтары арқылы 16,7 мың адам жұмыспен қамтылды немесе бағдарламаға қатысушылардың 62,5 пайызы. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 9 294 адам орналастырылды.
Маңғыстау облысында Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 169 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 32 млрд. теңге қаралды(оның ішінде республикалық бюджеттен 8 млрд. теңге, мемлекеттік бағалы қағаздар шығару жолымен 24 млрд. теңге).
Барлығы 9 мыңға жұық жұмыс орны құрылады, оның ішінде 8,6 мың жұмыс орны жобаларды іске асыру кезінде және 400-ден аса тұрақты жұмыс орны нысандарды пайдалануға берілгеннен кейін құрылады.
Бүгінгі күні құрылған жұмыс орындарына барлығы 8 005 адам жұмысқа орналастырылды. Бұл көрсеткіш жоспардың 93 пайызын құрап отыр. Оның ішінде, 4 765 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылды.
Жалпы жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналасқандардың үлесі 59,5 пайызды құрайды.
Облыс бойынша орташа жалақы көлемі 100 мың теңгені құрап отыр.