2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Манғыстау облысына 254 отбасы немесе 1651 адам көшіп келіп, оралман (қандас) мәртебесін алды.
Оралмандардың 34,9%-ын Өзбекстан Республикасынан, 60,3 %-ын Түркменстаннан, 2,4%-ын Иран Ислам Республикасынан және 2,4%-ын басқа елдерден көшіп келген этникалық қазақтар құрайды.
Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын этникалық қазақтар оралман мәртебесін алты айдан аспайтын мерзімге бір рет ұзартуға мүмкіндік алды.
Қазіргі таңда "Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылуда.