2020 жылы Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы-
ның 2 медициналық-әлеуметтік мекемесінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары 3 бағытта орындалды және оларға 69 307 мың теңге бөлінді.
«№ 1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де 2 бағытта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Орталықтың 3 қабатты ғимаратын ағымдағы жөндеуге республикалық бюджеттен 10 485 мың теңге бөлінді. «Гранд Азия» ЖК мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы атанды. Жоғарыда аталған жеке кәсіпкер өз жұмысын ағымдағы жылдың 20 мамырдан бастап 29 маусымға дейін жүргізді.
Асханасында барлық жөндеу жұмыстары жүргізілді (сылақ, тұтастырғыш, бітеуіш, бояу және т.б., жаңа сместительдер, есіктер, шамдар және розеткалар ауыстырылды.
Ерлер мен әйелдер жуынатын бөлмелерінде душқа арналған жаңа поддондар, раковиналар, унитаздар, сместительдер, 80-литрлік «Аристон», есіктер, кафель, керамикалық плиталар салынды, дәретхана мен душқа арналған тұтқалар орнатылды.
1969 жылы салынған Орталықтың әйелдерге арналған ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 47 683 мың теңге бөлінді. «Қала жолдары» ЖШС-і мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы атанды. Жоғарыда аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестік өз жұмысын ағымдағы жылдың 10 шілдеден бастап 10 қыркүйекке дейін жүргізді.
Ғимараттың айналасында асфальт төселді. Ғимараттың сыртқы қабырғалары боялған және пандустар орнатылған. Ғимараттың сыртқы жағында темір торлы есіктер орнатылды. Қызмет алушылардың демалыс орындарында орындықтар мен үстелдер қойылды.
Ғимараттың ішінде дәліз мен бөлмелер боялған. Дәлізде керамикалық плитка төселген, ал бөлмелерде линолеум төселген. Сондай-ақ, барлық бөлмелерге жаңа есіктер мен кондиционер орнатылды. Дәлізде қабырға бойымен екі жағынан тұтқалар және үш сплит-жүйелік салқындатқыштар орнатылды.
Ас тарату бөлмесіне, әжетханаға және жуыну бөлмелеріне барлық жөндеу жұмыстары жүргізілді және жаңа қол жуғыштар, сместительдер орнатылды. Жуынатын бөлмеде 80 литрлік «Аристон» су жылытқышы орнатылды (Қосымша 1).
«Оңалту орталығы» КММ-нің 35 шағын ауданнан Шығыс-1 шағын ауданына көшуіне байланысты мүгедектерге қолайлы орта қалыптастыру мақсатында ғимараттың бірінші екі қабатында жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 11 138 тыс. тенге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша 7 200 мың теңгемен ЖК «Карнаков» сомамен жеңімпаз атанды.
Жаңа реабелитация орталығының ғимаратына бейімдеу жұмыстар жүргізілді. Автотұрақта арнайы белгі орнатылған.
Ережеге сәйкес қозғалуда қиындығы бар мүгедектерге арналған мекемеге кіре берісте баспалдаққа жаңарту жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ баспалдақтарда тайғанамайтын жолақтар орнатылды.
Ғимаратқа кіре берісте тұтқалары бар пандус және шақыру түймесі орнатылды. Қызмет алушыларға бағыт-бағдар беру үшін ресепшен бөлмесі ашылды.
Орталық ғимаратында, барлық кабинеттерде есіктер кеңейтілді. Кабинеттердің атауы және нөмірі қазақша және брайл тілде орнатылды.
Тактилдік плиталар мен контрастық сары жолақтар қауіпсіздік белгілерімен жабдықталды.
Ерлер және әйелдер әжетханасына мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған арнайы қол жуғыштар, унитаздар, арнайы тіреуіштер, шақырту кнопкалары орнатылды.
Отырып-тұруы қиын мүгедектерге жуынатын бөлмде жиналмалы отырып жуынатын орындықтар, таймайтын төсеніштер, жиналмалы тіреуіштер, таяқ ілетін ілгіштер, суды шынтақпен ашып-жабатын сместительдер орнатылды (Қосымша 2).
2021 жылы Жол картасы бағдарламасы бойынша:
«1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де монша, киім-кешек жуу кешенінің ЖСҚ жасақтау;
«№ 2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де бейнебақылау орнату және лифтіні монтаждау жұмыстары;
«№ 3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де балалар блоктарының ғимаратын ағымдағы жөндеу, есіктерді кеңейту тұтқалар мен пандустарды орнату, аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жоспарланған.