Әлеуметтік оңалту бөлімі

Әлеуметтік оңалту бөлімі

      Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне Қазақстан Республика- сында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға берілген ағымдағы нысаналы трансферттер арқылы 2020 жылға оңалтудың техникалық құралдарына 1852 адамға  88 728,00 млн. теңге бөлінген, а.ж.       1 қарашасына 980 адамға 43 784,4 млн. теңге жұмысалды (бюджеттің орындалысы-49,3%).

  Оңалтудың техникалық құралдар қатарына: сөз шығаратын термометр, тонометр, сіңіргіш жаймалар (жаялықтар), қорғаныш кремдер, сіңіргіш ұнтақ, санитарлық құрылғысы бар кресло-орындық, дәретхана мен жуынатын бөлмелерге арналған тұтқалар, көру қабілеті бұзылған мүгедектерге арналған ине сабақтағыштар мен тігін инелер, теріні қорғау және тегістеуге арналған паста-герметик, теріні тазартқыш және т.б. жатады.

   Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге 2904 адамға 221 219,00 млн. теңге жоспарланған, а.ж. 1 қарашасына 2893 адамға 176 799,0 млн. теңге жұмсалды, немесе бөлінген қаржының 79,9% орындалды.

   Протездік-ортопедиялық құралдарға Республикалық бюджеттен        317 адамға 59 593,00 млн. теңге қарастырылған, оның 80 адамға 29 583,5 млн. теңгесі жұмсалды, яғни бұл жылдық көрсеткіштің 49,6%-н құрап отыр. Сонымен қатар, Жергілікті бюджеттен 1654 адамға 68 872,00 млн. теңге бөлінді. Орындалысы 720 адам, 36 571,8 млн. теңге, яғни 53,1%.

  Санаторлы-курорттық емделуге мүгедектігі бар адамдар 2020 жылдың 10 қазанынан бастап жолданып бастады, қазіргі таңда 479 адам (жоспар-651 адам) жолданып, Республикалық бюджеттен 30 028,4 млн. теңге (жоспар-78 120,00 млн. теңге) қаржы жұмсалды.  

 

Отчет
Дата публикации
17 ноября 2020