Жұмыс берушілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөнінде
кеңестер берілді
Әлемдік пандемия жағдайында көптеген елдердің мемлекеттік шекараларының жабылуы, еңбек ресурстарының қозғалысына өз әсер тигізуде.
Қараша айында осы сұрақпен басқарманың Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөліміне көптеген жұмыс берушілер жүгінді. Сұрақтардың басым көпшілігі өңіріміздегі құрылыс компанияларымен Өзбекстан Республи-касының азаматтарын жұмысқа тарту жөнінде болды.
Қызмет алушыларға мемлекеттік шекарадан өтудің ерекше тәртібін ескере отырып, заңнамаға сәйкес шетелдік жұмыс күшін тарту үшін қажетті рәсімдер туралы кеңес берілді.
Жалпы, қараша айының қорытындысы бойынша 15 кездесу өткізіліп, онда 25 жұмыс берушінің түйткілді сұрақтарына жауап беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.