Маңғыстау облысының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясының отырысында жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес кәсіптік оқытуды ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Комиссия шешімімен:
- жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес оқу ұйымдарында кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын оқу орындарының, мамандықтарының тізбесі және оқу құны бекітілді;
- жұмыс берушілердің жұмыс орындарындакәсіптік оқытуды ұйымдастыруға арналған оқу орындарының тізбесі және оқу құны бекітілді.
Аталған шара жұмыссыз азаматтардың біліктілігін арттыруға, жаңа мамандық игеруіне және тұрақты жұмыспен қамтылуына мүмкіндік береді.