Әлеуметтік көмектер бөлімі (Атаулы әлеуметтік көмек)

Әлеуметтік көмектер бөлімі (Атаулы әлеуметтік көмек)

 

 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген көп балалы,  аз қамтылған отбасыларды  мемлекеттік қолдау тәсілдерін жүзеге асыру мақсатында тиісті шаралар қамтамасыз етілуде.

Облыс бойынша 2020 жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге республикалық бюджеттен 2 338,3 млн теңге, жергілікті бюджеттен 76,9 млн теңге, кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 370,2 млн теңге, жергілікті бюджеттен 20,8 млн.теңге бөлінген. 

2020 жылдың 1 тамыз жағдайына атаулы әлеуметтік көмек алушы     3 168 отбасына (17 188 адам) 1093,5 млн.теңге қаражат тағайындалып, төленді.

Оның ішінде 2 480 отбасына (14 359 адам)  844,0 млн.теңге шартты, 688 отбасы (2 829 адам) 249,5 млн.теңге шартсыз ақшалай көмек төленді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  мемлекеттік инстанцияларда адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу және азаматтардың коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайту мақсатында қазақстандықтарға ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындау үшін egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жүгінуді ұсынды.

Айта кетейік, I тоқсандағы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға сол кезде төтенше жағдай режимінің әрекет етуіне байланысты төлемдер тағайындау мерзімі ұзартылған болатын.

Сонымен қатар III тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек автоматты түрде ұзартылған болатын.  Көрсетілген қызмет алушы 2020 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша АӘК алушы болып табылған жағдайда тікелей байланыс болдырмау мақсатында көрсетілетін қызметті алушының өтінішсіз АӘКті тағайындауға өтініш 2020 жылғы 2 тоқсанның табысын есепке ала отырып, автоматты түрде қалыптастырылды.

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1 жастан   18 жасқа дейінгі балаларына 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсынылды.

Жыл басынан бері облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек төлеудің жаңа тетіктеріне сәйкес 2 506 отбасындағы 3 989 балаға (1 жастан 3 жасқа дейін – 1675 балаға, 3 жастан 6 жасқа дейін – 2 314 балаға) азық-түлік топтамасы, 1 жастан 6 жасқа дейін –   4 180 балаға гигиеналық топтамасы берілді.

 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес азық-түлік топтамасы мен тұрмыстық құралдар сатып  алу үшін шілде айында екі айлық  есептік көрсеткіштен төмен емес (5567 теңгеден) әлеуметтік  көмек көрсету халықтың осал топтарына жататын қарастырылды:

1) атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың  6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларына;

2) тұрақты негізде медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектерді және бас бостандығынан айыру орындарындағы мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;

3) тұрақты негізде медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектерді және бас бостандығынан айыру орындарындағы мүгедектерді қоспағанда, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

4) мүгедек баланың күтімімен айналысатын ата-аналарға;

5) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тiркелген жұмыссыздарға.

Жалпы шілде айына аудандық, қалалық жұмыспен қамту бөлімдерінің өтінімдеріне сәйкес 46 687 адамға 259,9 млн.теңгеге әлеуметтік көмек төлеу жоспарлануда.

Бүгінгі күні 45 921 адамға 255,6 млн. теңгеге әлеуметтік көмек төленді, жоспарланған адам санының 98% құрайды.

Елімізде төтенше жағдай енгізілген кезінде облыс бойынша жоғарыда көрсетілген санаттарға  наурыз, сәуір және мамыр айлары үшін әлеуметтік көмек төленген, барлығы 47 504 адам 555,9 млн. теңгеге қамтылған.

 

 

Отдел социальной помощи (Адресная социальная помощь)
Дата публикации
08 декабря 2020