Еңбек нарығындағы ахуал туралы

Еңбек нарығындағы ахуал туралы

 

    2020 жылдың I тоқсандағы қорытындысы бойынша облыста жұмыс күшінің саны 320,9 мың адамды құрады. Экономиканың әр түрлі салаларында 305,5 мың адам жұмыспен қамтылған.       

         Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде көрсетілген кезеңде жалдамалы қызметкерлер саны 284,3 мың адамды, ал өзін – өзі жұмыспен қамтығандар 21,3 мың адамды құрады. Облыс бойынша жұмыссыздар саны статистикалық мәліметтерге сәйкес 15,4 мың адам немесе 4,8 %-ті құрайды. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,1 % - ті құрады.

       Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс бойынша 2020 жылы 1 тамыздағы жағдай бойынша 16578 жұмыс орны құрылды (жоспар – 27 000). Оның 11899 немесе 71,8 %-і тұрақты жұмыс орындары.

   Облыстың жұмыспен қамту орталықтарына жыл басынан бері 21950 адам жүгінді.

      Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 15085 адам қамтылды, оның ішінде:

      - тұрақты жұмыс орындарына – 3532  адам;

       - уақытша жұмыс орындарына – 5298  адам (әлеуметтік жұмыс орындары – 612  адам, жастар тәжірибесі – 930 адам, қоғамдық жұмыс – 3756  адам);

       - шағын несие – 124 адам;

       - қайтарымсыз мемлекеттік грант – 396  адам;

         - «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу – 570 адам.

          Сонымен қатар, ағымдағы жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – 1 400 адам жоспарлануда.

        Бағдарламаның бірінші бағыты - бағдарламаларға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету. Жылдық оқыту жоспары – қысқа мерзімді кәсіптік оқу - 1400, техникалық және кәсіптік білім беру – 1 131 адам.

        Бүгінгі таңда 1131 адам кәсіптік оқумен қамтылды.

         Жалпы республикалық  бюджеттен 171,8 млн. теңге қарастырылған.

                                                                                                           

         Бағдарламаның  екінші  бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз мемлекеттік грант беру көзделген.

        2020 жылға жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемде 630 адамға грант беру жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 347,3 млн. теңге көлемінде қаражат қарастырылған

   Сонымен қатар, республикалық бюджеттен қосымша 180 адамға 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемде мемлекеттік грант беру  үшін 95,4 млн. теңге қаражат бөлінді.

          Ағымдағы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 396 адамға 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемде 142,2 млн. теңге мөлшерінде қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді, және 124 адам шағын несие алды.

 

      Бағдарламаның үшінші бағыты – жұмыспен қамту тетіктерін жетілдіру, еңбек ұтқырлығын арттыру.

        Бұл бағыт бойынша 2020 жылдың 1 тамыздағы – 3532 адам тұрақты және 5298 адам уақытша жұмыс орындарымен қамтылды. Уақытша жұмыстың ішінде: 612 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 3756 адам ақылы қоғамдық жұмыстарына орналастырылса, 930 адам жастар тәжірибесіне жолданды.

 

 

Еңбек нарығындағы ахуал туралы
Дата публикации
07 декабря 2020