Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан мемлекеттік қызметтің 3 түрі көрсетіледі:
- «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» (реестр бойынша коды 00201013) мемлекеттік қызметі баламалы негізде «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы (ЭҮП) арқылы көрсетіледі.
-Мемлекеттк қызмет «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызметін» (реестр бойынша коды 00702001) «Маңғыстау жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» электрондық түрде, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры арқылы көрсетеді. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі
-«Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметін (реестр бойынша коды 00702002) «Маңғыстау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» электрондық түрде, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетеді. Қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.