GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Все материалы
24 ноября 2025
Маңғыстау ауданы әкімінің Шебір ауылына жұмыс сапары
Аудан әкімі Ғалымжан Ниязов Шебір ауылында бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, олардың жағдайымен танысты.
 
Сапар барысында әкім алдымен су тарату орталығына барды. Мұнда су жүйесіндегі ақауларды анықтап, оларды реттеу бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырма берді. Ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету – күн тәртібіндегі маңызды мәселе екенін атап өтті.
 
Келесі кезекте ауылдағы мектепте жасалған жөндеу жұмыстарының барысын бақылады. Мектепте оқушылардың білім алуына қолайлы жағдай жасалып, сапалы жұмыс жүргендігі байқалды. 
 
Сапар аясында жаңа орынға көшірілген «Қазпошта» бөлімшесіне де барды. 
-Бөлімше қызметкерінің айтуынша, бұрынғы ғимарат жұмыс жасауға қолайсыз, қыста жылуы жоқ болыпты. Ал, енді жаңа ғимарат тұрғындар үшін де, қызметкер үшін де қызмет көрсетуге ыңғайлы,- деді. 
 
Сонымен бірге ауылдық дәрігерлік амбулаторияға барғанда ғимаратқа жөндеу жүргізу қажеттігі сөз болды.
 
Аудан әкімі мәдениет үйінде  тұрғындармен кездесті. Жиын барысында азаматтар жұмыссыздық мәселесін көтеріп, нақты ұсыныстарын жеткізді. 
Аудан басшысы бос ваканттық орындарға жұмыссыздырды жолдау облыстық Еңбек мобильдігі орталығына қарасты аудандық Мансап орталығы, әр ауылдың әкімі және осы мәселеге ауылдар бойынша азаматтық қоғамнан  жауапты болып белгіленген азаматтармен бірге қаралатынын жеткізді.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы