GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Әкім аппараты
Все материалы
26 ноября 2025
Аудан әкімінің Шайыр ауылына жұмыс сапары

Аудан әкімінің Шайыр ауылына жұмыс сапары

Бүгін Маңғыстау ауданы әкімі Ғалымжан Ниязов жұмыс сапарымен Шайыр ауылында болды.

Сапар барысында аудан басшысы жөндеуден өткен «Қызғалдақ» бөбекжайының жұмысымен танысып, мекеменің жаңа келбеті мен балаларға жасалған жағдайды көрді.

Одан кейін Жыңғылды–Шайыр бағытындағы автожол құрылысының барысын қарап, мердігер мекеме өкілдерімен кездесті.

Сонымен қатар әкім орта мектепке қарасты бұрынғы интернат ғимаратын аралап, бос тұрған нысанды жөндеп, ауыл қажеттілігіне пайдалану жөнінде ұсыныстарды талқылады.

Сапар аясында облыстық спорт басқармасы балансына өткен спорт залында болып, ауылға жаңадан келген жаттықтырушының жұмыс жоспарымен танысты. Спорт саласын дамыту, жастарды тарту бағытында пікір алмасты.

Мәдениет үйінде аудан әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, ауылдағы бақшаны қоршау және жұмысқа орналасу сынды мәселелер бойынша өтініштерді тыңдап, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

25 февраля 2024
Шайыр ауылдық округінің әкімі сайланды

Шайыр ауылдық округі әкімі лауазымына 2024 жылғы 18 ақпанда өткен сайлау қорытындысымен Амантаев Ақтілек Амантайұлы сайланды.

Амантаев Ақтілек Амантайұлы - 1993 жылы 5 қазанда Шайыр ауылында дүниеге келген. Жәңгір Хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде "Кәсіптік білім", Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша жоғары білім алған.

2017-2020 жылдары "Шайыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде инспектор, бас маман, 2020 жылы "Маңғыстау ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметін атқарған.

2020-2023 жылдары "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің" Маңғыстау облысы бойынша департаментінде бас маман - заңгер кеңесшісі, 2023 жылдан осы кезге дейін "Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінде жұмыспен қамтуды үйлестіру, еңбек нарығын талдау және монитоингілеу бөліміінің бас маман қызметінде болған.

Ауыл әкімін таныстырған аудан басшысы Ғ.Ниязов жаңа әкімге ауылды дамытуға қарымды қызмет етуді тапсырса, ауылдастары жұмысына сәттілік тіледі.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы