Меню

Страницы

Статья

Жануарларға жауапты қарау

Жануарларға жауапты қарау

 

Жануарларды қорғау, адам мен жануарларға ортақ аса қауіпті құтырма ауруы бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету және эпизоотиялық жағдайды сақтау, жануарларға қарау кезінде адамгершілікті нығайту және қоғамның ізгілік қағидаттарын сақтау мақсатында жануарларға қарау саласындағы қатынастар «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасыныі 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Заңымен реттеледі.

Осы Заңның талаптарына сәйкес жануардың иесіне немесе жауапты тұлғаға белгілі бір жауапкершілік жүктелген.

Атап айтқанда, олар:

иелігіндегі жануарларды ветеринариялық-санитариялық, гигиеналық талаптарды сақтай отырып ұстауға және қарауға;

вакцинацияны уақтылы жүргізуге;

стерилизациялау арқылы үй жануарларының қалаусыз ұрпағын болғызбау шараларын қолдануға;

өз жануарына жауапкершілікпен қарауға және қатыгездік көрсетпеуге;

басқа адамдар мен жануарлардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндірмеу үшін қауіпсіздік шараларын қабылдауға;

қоршаған ортаның, қоғамдық орындардың ластануына жол бермеуге міндетті.

Жануарларға қарау кезінде: жануарлар және (немесе) олардың ұрпағы жануарларға арналған панажайларға орналастырғанға немесе өзге де заңды тәсілмен иеліктен шығарылғанға дейін жануарлар иелерінің немесе жауапты адамдардың оларды ұстау жөніндегі міндеттерін орындаудан бас тартуына;

иттердің өз бетінше жүруіне, қоршалмаған жерлерде тұмылдырықсыз және қарғыбаусыз, олардың мінез-құлқын бақылай алмайтын, оның ішінде алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамдардың, сондай-ақ он алты жасқа толмаған адамдардың оларды серуендетуіне тыйым салынады;

Заңнаманы бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Жануарларға қатыгездікпен қарау» 407-1-бабына, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу» 407-2-бабына сәйкес айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылады.

 

«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ветеринария бөлімінің» бас маманы М. Муханбетова

Дата публикации
25 сентября 2024
Дата обновления
25 сентября 2024
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Баяндама
25 сентября 2024
Жануарларға жауапты қарау
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
20 мая 2020
Ауыл шаруашылығы техникаларын тіркеу

Социальные медиа

Инстаграммдағы ресми парақша

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы